• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:07:14
+35°

17 Ақпан, 2017 NEWS

ХХ және ХХІ ғасыр келіні: Қазіргі таңда ажырасқан отбасылар неге көп?

Қазіргі таңда бала өсіріп, келін түсірген көптеген апалар балаларының ажырасып жатқандығы жайлы көңілдері түсіп, көп айтып жатады. Әңгімелерін көбінде &laquo...

Қазіргі таңда бала өсіріп, келін түсірген көптеген апалар балаларының ажырасып жатқандығы жайлы көңілдері түсіп, көп айтып жатады. Әңгімелерін көбінде «біздің кезімізде...» деп бастап, наздана жеткізеді, деп хабарлайды «Қамшы» yvision.kz порталына сілтеме жасап.

ХХ ғасырдағы келіндердің күн тәртібі:

  • Сағат таңғы 6-да тұру;
  • Ауланы жинастырып, сиыр ме ешкілерді сауу;
  • Самаурынға шәй қайнатып, тағы ас әзірлейді;
  • Үйді сыпырғымен жинап, шаңды шүберекпен сүртеді, оған қоса балаға қарау;
  • Түскі ас әзірлеу;
  • Күніге қолмен кір жуады;
  • Ол заманда үйге қонақ келу үзілмеген;
  • Үй жануарларына қарау;
  • Кешкі ас әзірлеу;
  • Киім үтіктеу, ертеңгі күнге заттарды дайындау;
  • Балалар үшін құрт, ірімшік, қатық дайындап, нан пісірген;
  • Және де ұйқы.

Мінеки, дәл осылай келін болып келген кезінде кемінде алғашқы үш жылда сынақтан өткен. Кейіннен кейбір отбасылар еншілерін алып, қара шаңырақтан бөлек шығатын.

ХХІ ғасыр келіндерінің күн тәртібі:

  • Сағат 10-да тұрады;
  • Таңғы ас дайын;
  • Үйді шаңсорғышпен тазалайды, ал бабаларға ата-енелері қарайды;
  • Үй жағдайындағы маникюр;
  • Түскі асқа кешегі сорпа;
  • Автомат кір жуғыш машина аптасына бір-ақ рет қосылады. Балалардың барлығнда «памперс» жөргектері;
  • Қонақтар анда-санда келеді... түрлі сериалдар мен әлеуметтік желілер;
  • Кешкі ас әзірлеу. Кей кездерде тамақты тапсырыспен алғызады;
  • Тағы да телехикаялар мен әлеуметтік желілер;
  • Үйдің тағамы біздің заманымызда тым аз, қарапайым ет тамаққа арналған «жайманы» да сатып алады;
  • Әрине, ұйқы.

Қарап тұрсаң, барлық жағдайлар жасалған. Кейде адамдардың іші пысқан немесе өмірдің олар үшін еш қызығы қалмаған ба деп ойлайсың.

Егер, қазіргі таңда өмір сүру жеңіл болса, неге отбасылар көп ажырасады? Өткен заманның адамдарының жүйке жүйесі тым мықты болған немесе ол кездерде ажырасу деген өте қатты ұят болған.

Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Барлық үйдің күн тәртібі қазір дәл осындай демейміз. Дегенмен, бұл мәселе қазір қоғамда өршіп тұрғаны рас.

Авторы: Ерлан Мусаев

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір