• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:28:28
Алматы
+35°

08 Қазан, 2018 NEWS

Храпуновтар ұзақ мерзімге сотталды

Экс-әкім жазасын Алматыдағы қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады.

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Виктор Храпунов пен жары Лейла Храпуноваға және істің өзге де фигуранттарына қатысты үкім шығарды. Бұдан бұрын прокурорлар соттан Виктор Храпуновты 20 жыл, ал әйелін 17 жылға соттауды сұраған.

Судья Қасым Қалмағамбетов Виктор Храпуновты 17 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, ұлттық холдингтер мен компанияларда жұмыс істеу мүмкіндігінен айыру туралы шешім шығарды.

Экс-әкім жазасын Алматыдағы қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады.

Ал Храпунова 14 жыылға сотталды, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Әрі мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен алшақтату туралы шешім шықты.

Істің тағы бір фигуранты Айяр Ильясов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қоса, жазаға тартылғандар: Қуандық Бискультантов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серік Есмұқанов, Айнагүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашева, Абылай Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтанов.

Храпунов ісі сотталушылардың қатысуынсыз өтті. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол өзінің қызметтік жағдайы мен мәртебесін қолданып, материалдық игілігін қамтамасыз етіп алмақ болған.

Олар пара алу, қылмыстық топты басқару және бюджет ақшасын жымқыру бойынша айыпталып отыр. Мемлекетке 250 миллион доллар шығын әкелген.

Виктор Храпуновқа ҚР ҚК 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру немесе басшылық ету), 176-бабы (сеніп тапысырылған мүлікті иемдену немесе ұрлау), 177-бап (алаяқтық), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті легализациялау), 307 (қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану) және 311 (пара алу) баптары бойынша айыпталса, Жжары Лейла Храпунованың әрекеттері 235 (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру немесе басшылық ету), 177 (алаяқтық) және 193 (заңсыз жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті легализациялау) баптары бойынша айыпталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір