• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:52:07
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Храпуновтар отбасына жаңа айыптар тағылды

19 қазанда Храпуновтарға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жары Лейла Храпуновтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта тергеу барысында аса ауыр қылмыстарға барғаны туралы жиналған дәлелдемелер Виктор Храпуновтың ҚР ҚК 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру немесе басшылық ету), 176-бабы (сеніп тапысырылған мүлікті иемдену немесе ұрлау), 177-бап (алаяқтық), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті легализациялау), 307 (қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану) және 311 (пара алу) баптары бойынша қылмыстық әрекеттер жасағанын анықтауға мүмкіндік берді.  

Жары Лейла Храпунованың әрекеттері 235 (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру немесе басшылық ету), 177 (алаяқтық) және 193 (заңсыз жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті легализациялау) баптары бойынша айыпталды.

Ұлттық бюро анықтағандай, күдікті Храпуновтар мен Ілиясованың Қазақстаннан тыс аумақтан табылғанына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көріністерінен жалтарғандары үшін ҚР ҚК 206-бабының 8 бөліміне сәйкес, прокурордың келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында олардың іс-әрекеттерінің біліктілігі жайында хабарлама жарияланды.

Үкімнің жариялануына қатысу үшін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті В. Храпунов, Л. Храпунова және А. Ілиясов 2017 жылдың 24 қазанына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мына мекенжайдағы әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: ҚР, Астана қ., Сейфулиин көшесі, 37.

Бұдан бұрын Храпуновтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуіне шақырылған, алайда олар белгіленген уақытта келмеген, әрі себебін де түсіндірмеген.

19 қазанда Храпуновтарға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген. Олармен бірге Храпуновтың қол астында қызмет атқарған 14 адам сотқа тартылды. Барлық фактілер егжей-тегжей зерттелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір