• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:56:32
Алматы
+35°

02 Қараша, 2018 Әлеумет

«Хэллоуин» түні Алматы полициясына 105 жасөспірім жеткізілді

Ішкі істер органдарының есебіне 5 жасөспірім мен 6 нашар отбасы анықталды және тіркелді

Демалыс күндері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала аумағында «Демалыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

«2018 жылдың 31-ші қазанында біз түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды анықтау үшін жастардың сүйікті демалыс орындарына жергілікті рейдтер жүргіздік.  Сонымен қатар, біз барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін барынша тарттық. Бұл күні жастар «Хэллоуин» мерекесін тойлайды және ол әдеттегідей түнгі ойын-сауық орындарында өтті.  Осыған байланысты түнгі уақытта рейд жүргіздік, бұл ретте кәмелеттік жасқа толмағандардың көңіл көтеру орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүргендіктерін, ішімдік пен темекі өнімдерін сату фактілерін, айтқанды тыңдамайтын жасөспірімдерді,  құқық бұзушылықтар мен тұрмысы төмен отбасыларды жасауға бейімділерді анықтадық.  Тексеріс кезінде жасөспірімдердің ата-аналары өздерінің ұрпақтарының түнгі өмірін бақыламайтындығы анықталды және оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», - деп хабарлайды Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Жалпы алғанда, «Хэллоуин» түні 105 жасөспірім әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін, оның ішінде 77-сі әкімшілік құқықбұзушылық үшін тәртіп сақшыларына жеткізілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 8 бала орналастырылды.  

«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүргендіктері үшін 96 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компьютерлік клубтардың 9 жетекшісіне қатысты іс қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді. Қаланың сауда нүктелерінде кәмелетке толмағандарға ішімдік өнімдері мен темекі бұйымдарын сату бойынша 2 факті анықталды.  Ішкі істер органдарының есебіне 5 жасөспірім мен 6 нашар отбасы анықталды және тіркелді», - деп түйіндеді өз сөзін полковник Әліпбаева.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір