• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:25:52
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 Әлеумет

"Хайп" әлде, "ғайып" боламыз ба?

Біз өзіміздің оңбай сүрінгенімізді сезбей қалдық...

Біз  өзіміздің оңбай сүрінгенімізді  сезбей қалдық.  Қазақ  қоғамы  ұлттық сана сезімінің ұшқырынан таюға бір қадам жетер жетпесте тұр десек, қалт кетпеспіз. Арзан  хайптың кесірінен,  ғайып болуға айналдық. Айтқандай,  құттықтап қояйын, шет елдің қазақты соғыссыз жаулау саясаты бел қарқынынан асты. Тіпті олар ойлағаннан едәуір тез сынып бөлініп барамыз. Өзіміздің ішкі түбірлі дәнегіміздің қандай екенін аянбай дәлелдедік. Сынғыш, көңгіш, еліктегіш , бұққыш т.б ары қарай тоқтаусыз кете береді . 
Шәкәрімің "Адам немене" өсиетті өлеңін теріс оқып, санаға ілуге асықпаппыз. 
 
Европа бiлiмдi жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзiмнiң түбiн бiл де,
Iштен жыла, шырағым, сыртпен күл де.
 
ХХ - ғасырдың басында жарықтық айтуын айтып - ақ кеткен екен тайға таңба басқандай, олар айуандықтан арылмаған  деп . Біздің салт басқа, ұстаным қасқа. Оны біз сорлы терең ойламай саяз ойлаппыз, айтқанның түбіне үңілмей сыртында айналып жүре беріппіз. 
Соңғы кезде киелі қазақ жерінде  небір сорақы  хайптар орын алып, саналы қазақтың қабырғасын қайыстырмай қоймады. Мұның түпкі ұстанымы "хайп",  жалпы қазақы түбірі "атың шықпаса, жер өрте" болса,  өрімдей жас буын оны сәнге айналдырды, Онымен қоса күннен - күнге жаңа сайқымазақтар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап барады. Ең кесепаты,  бұған енді тоқтау жоқ . Бірі сөнсе , бірі тозақтың отындай лаулап шығуда. 
 
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып бос шатаққа.
Анау қу, мынау пысық, мен батыр деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.
 
Шәкәрім қажының мына ұлағатты сөздері  жараның беті әлі жазыла қоймаған өрескел жас буынның, яки "түбі қазақты һәм жерді қорғайды" деген арттан ерген ұрпақ бір - біріне жау бола қырып тастауға дайын екенін дәлелді түрде бейнежазбаға түсіріп көрсеткеніне келіп тұр. Осының барлығы қасақана телефонға түсіріп, аталмыш шеттен келген дерт " хайп " үшін жасалуда.  Кешегі ұлттық құндылығымызды масқара қылып шешінген қыз,  ол да хайптың тікелей құрбаны.  Жә, болар іс болды, бояуы сіңді дейтін қазақ кімді кінәлар екен ? Мұның алдын қалай алмақпыз немесе үкімет қайда қарап отыр ? Қазақтың  ішкі саясат жүйесінің  ешбір қимыл ісі шөп арасында жоғалған инедей көрінбейді. Қазақтың бір сөзі бар ғой, "Не болды, сонша зарлап, адам өлгендей" деген. Күні кеше Ақтөбеде мектеп оқушылары пышақпен бірін -бірі өлтірді, әлі топырағы да суыған жоқ. Жалпы жағдай мәз емес ағайын-бауырлар. Әсте, бұған қоғамның да әсері баршылық. Біз өзімізді оңтайлы  бағытта емес екенімізді мөлдір судай анық біліуіміз қажет.
Осы күнге дейін қазақ жерінде хайп үшін ұлттық құндылықты масқаралық еткен, дінді таптап, ділге сын келтірген, кешегі әлімжеттік көрсеткендердің бірде-біреуі қазіргі тұрғыда өз істеріне өкініп отырған жоқ. Міне, біздің қателік қайда қалды?!
 
Шетелдің ғылым - өнерін емес , хайпын алып түбегейлі ғайып болып кетпейік бауырлар!
 
Ұлт жанашыры Дастан Әбдірахманұлы
 
Соңында Шәкәрім қажының " АДАМ НЕМЕНЕ ? өлеңін дұрыс оқып , тереңінен түсінейік деген ниет білдіргім бар . 
 
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда,
Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда,
Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк
Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?
Әйтпесе мәз боп жүр ме, қиянатқа,
Зорлықпен бiрiн-бiрi жалмағанға.
Мен адамнан таза ақыл таба алмадым,
Ойланып, өзеленiп, қармағанда.
Көрсеқызар, жалмауыз, бәрi алдағыш,
Көп адамның қылығын барлағанда.
Өнерпаз, бiлiмдi елдiң мiнезi осы –
Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба?
Немесе бұлар бұрын жоқ болса да,
Әншейiн бар деп бiздi алдаған ба?
Көрiнер ғылымды елдiң сырты таза,
Тексерiп терең ойға салмағанда.
Ақымақ пен айуанның иiсi аңқиды,
Iстерiн әбден сынап талдағанда.
 
Кей-кейде: «Түзелейiк, кел»,– деседi,
Кешiкпей соғыс ашып, белдеседi.
Айласы артық, қаруы сайы жеңiп,
Мақтанып: «Бар ма бiздей ел?» – деседi.
Тамам жан өзiн-өзi «мен» деседi,
Өзгелердi жатырқап «сен» деседi.
«Бiз» дейтұғын бiр елдi таба алмайсың,
Бұл қайтiп әдiлетпен теңдеседi?
 
Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр,
Бiрiн-бiрi шұқылап қылды жауыр.
Балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ,
Бұл сөзiм талай жанға тисе де ауыр,
 
Европа бiлiмдi жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзiмнiң түбiн бiл де,
Iштен жыла, шырағым, сыртпен күл де.
 
Сол естi елде киiм бар мода деген‚
Керегiне лайықтап киiнбеген.
Жас балаша қызығып сәкәкүлге
Масқара боп жүргенiн бiр бiлмеген.
 
Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек,
Киiп алып, қылтиып қағар селтек.
Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа‚
Ойланбай, болғаны несi мұнша тентек?
 
Әйелдерi – қуыршақ үлбiреген,
Жалбыр шашақ, сәкәкүл талай неген.
Кеңiрдегiн сорайтып, кеудесi ашық,
Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.
 
Ойлашы, осы ақылға жараса ма,
Емес пе ержетпеген бала-шаға?
Не денеге, не жанға жайлы емес қой,
Осыған да дау айтып таласа ма?
 
Лайықты киiм жоқ па бұдан басқа,
Керексiз кербезденiп бос шатаспа.
Ақылды киiм бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерiн ал, мұны таста!
 
Бақ-дәулеттi мол бердi жаратылыс,
Пайдаланып, қылсаңшы жақсы жұмыс.
Табиғаттың таусылмас қасиетiн
Жұрттың жұмсап жүргенi – ақылсыз iс.
 
Қайда кеттi жаралыс берген байлық,
Ұстанғалы әскер мен қару сайлық?
Жаны ашымай әлсiздi аңша қырып,
Мейiрiмсiз, озбырлығы осындайлық.
 
Мұнысы айуаннан қалай дейсiң,
Бiр жаңа өнер шықса «пәлi-ай» дейсiң.
Ол өнермен өзгенi құлданып ап,
Аямай өз бауырыңды қалай жейсiң?
 
Күн көре алмай жақының жатыр өлiп,
Шiмiркенбей жемтiгiн жейсiң бөлiп.
«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын» –
Демеске бара жатыр iшiм толып.
 
Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттiң?
Жеттiм деп тамам жанды тентiреттiң.
Жиырмасыншы ғасырдың адамынан
Анық таза бiр елдi көрмей өттiм.
 
«Мен – ақ жүрек» деген сөз босқа шығын,
Қару, күшпен көрсетiп қасқырлығын.
Мылтық билеп тұрғанда әдiлет жоқ,
Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.
 
Қару, әскер тастаудың жөнi келмес,
Неге десең, бiрiне-бiрi сенбес.
Тамам адам перiште болмай тұрып,
«Ал, түзелшi» дегенге ешкiм көнбес.
Айла, күш – айуандықтың ең жаманы,
Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.
Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес.
Құр айтқанмен қолынан түк келмейдi,
Ақ жүректi таза адам болса кем-кес.
Қас түзеймiн деп жүрiп көз шығарып,
«Қалмақ ойын» ойнаумен ештеме өнбес.
Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,
Ойы толмай тұрғанда ақылы енбес.
Араны ашық жалмауыз, арсыз төбет,
Аулақта жемтiк жеуден жиiркенбес.
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсiсi айуанмен анық теңдес,
Бөлектiгi – жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлiң келсе, жол тап та осыны емдес!

 

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір