• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:22:45
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2019 Саясат

Хасен Қожа-Ахмет: Мені қолдаңыздар!

Үміткерліктен үмітті азамат өзінің көлігі жоқтығын, бір бөлмелі пәтерде тұратынын да жасырмады.

Бәйге дүбрі жақындаған сайын ауыздығымен алысқан арда азаматтардың да түрлі тәсілдегі насихаты, халыққа үндеуі көбеюде.

Солардың бірі – 1991 жылы сайлауға қатысуға өтініш білдіріп, артынша төменгі межедегі дауысты жинай алмағаны үшін қатыспай қалған азамат Хасен Қожа-Ахмет.

Жасының 75-ке келгеніне қарамастан өзін ұсынған қозғалыстардың меселін қайтармай, сайлауда қайта бақ сынауға бел буып отырған Хасен Қожа-Ахмет халықты өзінің кандидатурасын қолдауға шақырды.

Өзінің "Желтоқсан" көтерілісіне қатысып, түрлі еңбектерді жазғаны үшін сотты болған үміткер өз пікірін әлеуметтік желідегі бейнематериалда ашық білдіріп, түрлі тараптың бағытына бірқатар сын айтты.

"Мен сайлауға қатыспаймын деп үйде жатыр едім. "Азат", "Алаш" және "Желтоқсан" қозғалыстарының мүшелері маған үміт артып отырғандарын айтып, емеурін танытты. Енді қайта бақ сынап көруге бел будық. Мені қолдаңыздар! Қазақстанның ішкі және сыртқы мәселелерінің барлығын білемін. Соларды бірге шешейік! Маған дауыс беріңіздер!" - деді Хасен Қожа-Ахмет.

Сонымен қатар, үміткерліктен үмітті азамат өзінің көлігі жоқтығын, бір бөлмелі пәтерде тұратынын да жасырмады.

Өзін халық арасындағы белсенді әрі көшбасшы атқамінер ретін көретіндердің сенімін ақтауға уәде берген ол жұртшылықты барынша сайлауға қатысуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір