17Желтоқсан

Хақиқат таразысы

Хақиқат таразысы
Ⓒqamshy.kz

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде небір діни білімді кісілермен виртуалды түрде болса да дос боласыз. Ондай кісілердің жазған постарын ұдайы оқисыз, пікір білдіресіз. Көрінбей кетсе, кәдімгідей іздей бастайсыз. Менің әлеуметтік желіде дін мәселесі бойынша үнемі қадағалап оқып жүретін сондай білімді кісілерімінің бірі – Әбдікәрім Әбдімомынов еді. Өзі – өмірі көрмеген кісім. Бейтаныс. Жас шамамыз қарайлас. Тараз қаласының тұрғыны. Түбі Сыр бойынан болуы керек. Дінтанушы. Тарихты өте  жақсы білетін. Облыстық дін басқармасында қызмет істеген, одан кейін Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы болған.  Әлеуметтік желіде белсенді еді. Соңғы екі жылда ол кісі «Фейсбук» бетінде мүлдем көрінбей кетті. Яғни әлеуметтік желіге кірмеген. Сірә, мағынасыз пост жазатындардан, айтыс-тартыстан  шаршаған болуы керек.  «Бұл кісі неге көрінбей кетті екен, парақшама бүгін іздеу салып жазсам ба?» деген оймен оянған едім, құдайдың құдіреті, сол күні әлеуметтік желіден ол кісінің бақиға сапар шеккенін естідім. Сірә, бізге беймағлұм «рухани тылсым байланыс» деген  осы шығар. Марқұмға дұға бағыштай отырып, бүгін ол кісінің өз парақшасында жариялаған  Мансұр Халлаж әулие туралы толғамын «qamshy.kz» сайтына аздаған өңдеумен,  қысқартып жариялағанды хош көрдім.

                                                    Төреғали ТӘШЕНОВ     

                   Айып тағылғанның бәрі айыпты емес

Ислам әлемі Халлажы Мансұр атты сопылық жолдағы ірі әулие кісіні жақсы біледі.  918 жылы шейіт өліммен бақи әлемге кеткен. Жас шағынан тасаууыфқа ерекше құмартып, ірі әулиелердің дәрістеріне қатысады. Сөйтіп, нәпсінің қалауын орындамай, нәпсінің қаламағанын жасайды. Яғни, тіс жарып үндемейді, жұртпен кездеспейді, оңаша қалады, күні-түні намаз оқып, ораза ұстайды. Кейін халыққа иләһи насихат айтады. Түрлі кереметтер де көрсетеді. Тариқат жолында Аллаға ғашықтықтан күйіп-жанып, масайып көргендерін исламның сыртқы әдебіне сәйкеспейтін сөздермен тілге тиек еткендіктен, 918 жылы халифа Жағфар ибн Мұғтасым дәуірінде Бағдатта аяқ қолдары кесіліп, дарға асылып шейіт болды. Кейіннен мәйіті отқа өртеліп, күлі Дижла өзеніне шашылады.

Халлаж өмірін тек құлшылыққа арнап, күн сайын мың рәкат намаз оқыған екен. Шейіт болатын күні түнде 500 рәкат намаз оқыған екен. Әр түні жоқ дегенде төрт жүз рәкат намаз оқуды өзіне міндеттеген. Халлажы Мансұрға: «Осыншама биік дәрежелерге жете тұра неге өзіңізді қинайсыз?» делінгенде: «Алла Тағалаға дос болғандардың ісіне рахат та, машақат та әсер етпейді. Олар Алла Тағаланың сипаттарында пәни болады, өздерін ұмытқандықтан, рахат не ауыртпалық оларға әсер етпейді» деп түсіндірген.

Шейіт етілмей тұрып насихат сұраған қызметшісіне: «Нәпсіңді өзіне міндетті іспен (құлшылықпен) шұғылдандыр! Әйтпесе, ол тыйым салған істермен (күнәлармен) шұғылданып кетеді» дейді. «Ұлы Алладан басқадан қорыққан немесе бір нәрсені үміт еткен пенденің Алла жолын болдырмайды. Қайта бойына үрей салады. Өзі мен екі араға жетпіс перде тартады, ол перделердің ең жұқасы күдік пен күмән болып табылады» деген.

Бір күні шәкірттерінің бірі ұстазы Халлаж Мансұрдан: «Ұстаз, ариф деп кімді айтады?» деп сұрайды. Сонда ол былай дейді: Зилқағда айының бітуіне алты күн қалғанда, сейсенбі күні 306 (милади 918) жылы Бағдатта аяқ-қолы шабылып, көздері ойылып, дарға асылып, мәйітін отқа жағып, күлі шашылған адам –  ариф сол». Ұстазының осы  айтқан уақытын шәкірті есептеп жүреді.  Сөйтсе, ұстазы өзін айтыпты. Тура сол айтқаны орындалады. Бірде түнде Мансұр хазіретті ешкім түрмеден таппайды. Екінші күні абақтының өзі де, ішіндегі Мансұр да жоқ болып кетеді. Үшінші күні зындан да, Мансұр да өз орнында екен. Бұның хикметін өзінен сұрағанда:  «Алғашқы түні Алламен бірге едім, мені таба алмадыңыздар. Екінші түні ол менімен бірге еді. Сол үшін мені де, зынданды да көре алмадыңыздар. Үшінші түні барлық нәрсе өз орнынан табылды. Өйткені қасиетті шариғаттың үкімі орындалуы тиіс еді. Мені дарға асуларыңыз үшін» дейді.

Халлаж Мансұрды Бағдатта Тақ қақпасына апарады. Әуелі бес жүз дүре соғады. Қыңқ еткен дыбыс шығармайды. Өлмегенін көргенде, аяқ-қолдарын шабады. Халлажы Мансұр аяқ-қолдары шабылғанда: «Менің өңімді қорыққаннан сұрланып кетті деп ойламаңдар. Қан жоғалтқандықтан» дейді.

Дар ағашына апарғанда одан «Тасаууыф деген не?» деп сұрайды. «Тасаууыфтың ең төменгі дәрежесін, міне, менен көріп тұрсыздар». «Ал ең жоғарғы дәрежесі ше?» «Оны көруге шамаларың жетпейді». Дарға асылмай тұрып, халық тас лақтыра бастайды. Лақтырылған тастарға ауырсынған дыбыс шығармайды, тіпті күлімсірейді. Бір досы тастың орнына гүл лақтырғаны сол екен, қиналып кетеді. Себебін сұрағанда былай деп жауап береді: «Тас лақтырғандар мені жақыннан танымайтындар. Олар хәлімді түсінбейді. Ал менің хәлімді түсінетіндердің бір гүл лақтыруының өзі маған ауыр тиді». Жендеттер аяқ-қолдарын шапқаннан кейін тілін де кеспек болады. Рұқсат сұрайды да: «Алла Тағалам, сен үшін мені қорлағандарды кешір! Сенің разылығың үшін менің көзімді ойып, аяқ-қолдарымды шауып, басымды, жанымды алған бұл құлдарыңды кеш!» деп дұға етеді. Кейіннен тілі кесіледі, басы шабылады, денесі өртеледі. Күлі Дижла өзеніне тасталады. Күлі өзенге тасталғанда, су көбіктеніп көтеріліп кетеді. Тіпті Бағдатты су басып кететін қауіп төнеді. Осы кезде бір досы шапанын алып, Дижлаға тастайды. Дижла біршама уақыттан кейін басылады. Халлажы Мансұр әлгі досына шейіт етілмей тұрып: «Менің аяқ-қолдарымды шауып, басымды кескеннен кейін денемді отқа жағып, күлін Дижлаға шашып жібереді. Сол кезде өзен тасып, Бағдатты алып кете ме деп қорқамын. Егер сондай қауіп төнсе, шапанымды апарып суға таста» деген екен.

Халлажы Мансұрдың өліміне себеп болған «Әнә әл-Хақ» (Хақ ол менмін) деген сөз тасаууыф жолында қол жеткізген өзінің хәлі мен деңгейіне сай әрі ғашықтық мастықпен айтылған дұрыс сөз болатын. Сырттай қарағанда, «Хақ менмін» деген бұл сөздің шынайы мағынасы: «Мен жоқпын. Хақ қана бар» деген сөз. Тасаууыфта өте нәзік білім әрі хәл Уахдату ужуд (болмысты бір көру) деңгейінде айтылған. Бұл ондай биік рухани дәрежедегілердің көргендерін басқа сөзбен жеткізе алмаған кездегі немесе оны айтуға сөз таппаған кездегі жағдайы. Бірақ бұл айтқаны исламның сырттай түсінігіне сыймайтындықтан, захир ғалымдар әрі қараңғы халық түсінбегендіктен, тәухидшілдер мен еместер ендігәрі бұндай сөздер айтпасын деп шейіт етілген.

Ислам әлеміндегі ірі әулие саналатын имам Раббани «Мәктубат» кітабының екінші том қырық төртінші хатында былай деген: «Ондай ұлық жандардың (Барлық нәрсе Алла деуі) деуі: өзге ештеңе жоқ, тек Алла ғана бар дегені. Мәселен, Халлажы Мансұр "әнә әл-Хақ (Хақ ол менмін)" деді. Бұнысымен мен Хақтың өзімін, Хақ Тағала маған дарыды, мен сонымен бірігіп кеттім дегісі келген жоқ. Бұлай айтқан адам кәпір болып, өлім жазасына кесілуі тиіс. Ол айтқан сөздің мәні (Мен тіптен жоқ екенмін, Хақ Тағала ғана бар) дегендік. Міне, сопылар (әулиелер) барлық нәрсені Хақ Тағаланың есімдерінің және сипаттарының көрінісі, олардың айнаға түскен сұлбасы ретінде қабылдайды. Өзінің оған барып қосылғанын, затында өзгеріс болғанын айтпайды. Мысалы, адамның көлеңкесі өзінен шығады. Көлеңке сол кісімен біріккен, дәл өзі немесе ол төмендеп сол көлеңкенің кейпін алған деген секілді сөздер айтылмайды. Ол адам өз болмысын сақтайды. Көлеңке соның бір көрінісі ғана. Бұл адамды қатты жақсы көрген жан көлеңкені еш көрмейді. Оның өзінен басқа ешнәрсе де көрмейді. Көлеңке соның дәл өзі деуі мүмкін. Яғни, көлеңке жоқ, тек сол адамның өзі бар дейді. Бұдан мынаны түсінеміз, сопылар заттар Хақ Тағаладан пайда болған, Хақ Тағаланың өзі емес дейді. Олай болса, сопылардың (Барлық нәрсе сол (Алла)) дегені (Барлық нәрсе содан) деген сөз. Ахиндер де осылай дейді, екі жақтың арасында айырмашылық жоқ. Тек мынадай айырмашылық бар, сопылар зат Хақтың көрінісі дейді. Ғалымдар бұны айтпай тартынады. Затпен бірлесу, заттың ішіне кіріп кету деп ұғынылмасын деп бұл сөзді айтпайды».

Халлажы Мансұр хәлдері дұрыс, өз дәуіріндегілер қадірін мен деңгейін түсіне алмайтындай жоғары дәрежедегі уәли еді. Ол ешқашан өзін Құдайға теңемеді.

Қайта керісінше Аллаға есі кете ғашық болған, соның деміне мас пенде ретінде өмір кешті. Күндізін де, түндерін де құлшылықпен өткізді. Елу жасында: «Бүгінге дейін мың жылдық намаз оқыдым» деді. Исламның барлық бұйрықтары мен талаптарын қалтқысыз орындады. Мүбахтардың өзін өте аз қолданды. Өмірінде көп бәлеге тап болды. Бұл да Аллаға ғашық кісілердің деңгейі мен өмірінде байқалған жағдай. Оның хәлі мен мәртебесін түсінген көптеген ғалымдар мен әулиелер оның үлкен әулие болғанын айтқан.

Жалпы өз заманы түсінбей, зынданға тасталған, дарға асылған  ғалымдар көп. Мысал керек пе? Бәріміздің ұстазымыз Имам Ағзам Әбу Ханифа халиф тарапынан қатты дүреге жығылып, аузын зорлықпен улы шүберекпен сүртіп, содан жан тапсырған.

Пайғамбарымыздың с.ғ.с. немересі, тірісінде Пайғамбарымыздың с.ғ.с. өзі «Жаннаттың сұлтаны» деп атаған Хазіреті Хусайынды залым халиф Язидтің өлтірткені өз алдына, басын найзаға шаншытып, бала-шағасын ат алдына салып айдатқан.

Мансұрдың замандасы имам Шибли былай дейді: «Халладж өлген соң қабірінің басына бардым. Таң атқанша намаз оқыдым. Таң атқан соң мінажат еттім: «Ия, Аллаһ! Бұл Сенің мүмін, ариф және Сені бір деп таныған құлың еді. Бұл құлыңа жіберген пәлекетіңнің хикметі не?»--дедім. Сол кезде мені ұйқы басты. Түс көрдім. Қиямет күні екен. Сол жерде Хақ Тағаланың мына сөзін естідім: «Сырымызды лайықсыздардың арасына жайғаны үшін, оның басына осы пәлекетті жібердік!»

Ал имам аль-Джунайд аль-Багдади бұл туралы не дейді. Одан «Кейбір әулиелер шабыты келіп, масайып, әдеттің сыртына шығады. Олардың бұл ісі хақында не айтасыз?»-деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Оларға араласпаңдар. Аллаһтан шаттық тауып, рахатқа кенелсін. Олардың шариғаттың ашық тыйым салғаннан басқа халдерін айыптамаңдар. Абайлаңдар. Бұл жол олардың ішін жағып, өртеп, өздері еңбек пен қайраттан шаршап, кейбір пәлекеттерге душар болған. Бұларды іштеріндегі халдерден құтылу үшін істейді. Бұларда кіна жоқ»-дейді. Сөз кімдер туралы екенін оқырман түсініп те отырған болар.

Бізге сондай-ақ Мансұр Халладждың соңғы мінажаты да жеткен. Ол өзіне өлім бұйырушылар мен өлтірушілерге Алладан кешірім сұрап: «Сен маған берген сырларды оларға да бергенде, мен туралы бұлай ойламайтын еді. Егер олардан жасырған сырыңды менен де жасырсаң мен бұлай айтпаған болар едім. Уа Аллам! Сен оларды (өзін өлімге бұйырушылар мен жендеттер, тас атушыларды айтады) кешіре гөр. Себебі олар мені Саған қауыштырушылар!»-дейді.

Мансур Халладждың айтқан бір сыры мынау: Мансұрға өлім нәсіп болған кезде оған Ібіліс жақындап келіп: «"Әнә" деп сен де айттың, мен де айттым. Қалайша соған сен үшін рахмет, мен үшін мәңгілік лағнет жауды» дейді. Сонда Мансур Халладж Ібіліске: «Сен «Әнә» деп Хақты, Алланы өзіңде, өз ішің мен пиғылыңда жойдың. Мен «Әннал Хақ» деп өзімді Хақтың Нұрында жойдым. Сендегі «мендік» тәкаппарлық – жаһаннамның жолы. Мендегі «мендікті жою, Хақ нұрында жоғалу ештіктің белгісі, Аллаһтың рахметінің жолы. Сол үшін маған рахмет, саған лағнет» деген.

Мансұр Халладж Хақтың алдында өзін өзі толық жоқ етті, өзінен өзі безінді. Бұл ең жоғарғы – ИХСАН ахуалы еді. Шын Мансұр Халладж өзін Құдаймын, Құдіреттімін, т.т. демеген, «мен Хақ нұрында жоқ болдым» деген.

Осыны түсінген кісілердің бірі Мауләна Жалаладдин Руми болса: «Егер Халладж мені мен Раббым арасындағы көріністен хабардар болғанда ол мені таспен ұрғылап өлтірер еді» деген.

Өзін өлтіруге өкім шыққан соң Мансұр Халладж бен Ибраһим бин Фатихтың арасында мынадай әңгіме болыпты: «Ей, Ұлым! Кейбір адамдар мені кәпір дейді. Кейбіреулері мені әулие дейді. Кәпір дегендер әулие екенімді айтқандардан Алла алдында және менің назарымда сүйкімдірек». Ибн Фатих сонда «Не үшін бұлай дейсіз» деді. Шаһ Мансұр болса: «Әулиелігіме сенгендер маған деген жағымды ойлары үшін, кәпір екенімді айтушылар болса, діндеріне байланғандықтары себепті солай дейді. Дінін нағыз ұстанған адам тек жақсылық ойлаған адамнан Алла алдында әлдеқайда сүйкімдірек» деген.

Сөздің түбі мен мәнін, мағынасы мен маңызын түсінбейтіндер әлі күнге ұлық әулиені бас салып қаралап келеді. Бұлар әлбетте тозақтың отыны үшін жаралған надандар мен ермелер ғана. Ал түсінген кісі үшін бір ғана нәрсе Хақ. Бәрі Алланың қалауында. Халлаж Мансұр әулиенің басындағы хәлді бастан кешпегендер, руханияттың дәмін татпағандар ондай қазынаны түсінбейді, сондықтан тарихта қанша ғасыр өтсе де, Халлажды даттайтындар мен жақтайтындар екіге жарылып түсініспей келген. Өкінішке қарай, ХХI ғасырда да солай боп тұр...

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 апта бұрын

    Мансур Халлаж біз өнеге алатын кісі емес. Ол турплы ғалымдардың көбісі жақсы пікірде емес!

    1
    Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы
    17/12 16:55 0 94
    2
    Қатерлі ісікке шалдыққан Нұрдәулеттің әкесі: Балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы (фото)
    17/12 14:30 0 312
    3
    Димаш: Мен шын мәнінде бақытты әнші екенмін (видео)
    17/12 12:50 0 1447
    Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым көрсетілді
    17/12 12:35 6 292
    Экс-президенттің ұлдары аштық жариялады
    17/12 10:50 0 622
    Кешегі Қайратым руxтанған алаңда бүгінде шырша тұр...
    16/12 22:57 0 625
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    16/12 17:25 10 5165
    "Басқа амалдың жоқ болғанын халық түсінсе екен..." - Елбасы (видео)
    16/12 16:51 0 3897
    Қазақстандық әнші-боксер қарсыласын нокаутпен жеңді
    16/12 16:35 7 2116
    "Екі аңыз адамның кездесуі": Шетелдік суретші Димаштың таңғажайып суреттерін жариялады (фото)
    16/12 16:10 12 2802

    Таныстырылғандар

    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Біз қазір әділеттің ақ туы «Ақ байрақты» ту етіп көтеруге ылайықпыз ба? Ол бөлек әңгіме...
    07/12/2018 10:58 0 3247
    Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
    Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
    Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
    Сонымен қатар, президент төмен жалақы алатындар мен зейнеткерлерге салық салмағын салмауға уәде етті.
    Аудио тыңдау
    11/12/2018 12:03 0 8846
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    «Накстоящее время» басылымы өміріне қанша қауіп төнсе де, ислам әлемін өзгерте алған батыр әйел Беназир Бхуттоның дәуірі жайлы жазыпты.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 13:35 0 3990
    "KFC енді халал емес"
    "KFC енді халал емес"
    "KFC енді халал емес"
    Бұл туралы  ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 19:21 0 1099
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Біз саясатта салмағы бар, бірнеше орта буын өкілін сөз етпекпіз
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 15:46 0 2101
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    Алаяқ әлі де бостандықта жүр. Оны жазаға тартарлықтай фактілер жеткілікті. Бірақ құқық қорғау органдарының жұмысы әзірге нәтижесіз
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 16:38 5 4813
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді
    07/12/2018 10:22 0 757
    Ресейдің әскери күші – бұл миф!
    Ресейдің әскери күші – бұл миф!
    Ресейдің әскери күші – бұл миф!
    Ресей Федерациясының президенті ретінде Путиннің қызметі кезінде Қарулы Күштердің дамуындағы жағымсыз үрдістер қайтымсыз болды.
    Аудио тыңдау
    14/12/2018 10:25 0 1414
    Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының президенті болды
    Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының президенті болды
    Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының президенті болды
    Алматы әкімі Бауыржан Байбекке Қазақ күресі федерациясының Құрметті президенті атағы берілді
    10/12/2018 13:09 0 497
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Бүгінде Атырау облысында 168 әскери-патриоттық клуб пен 1 ​​кадеттік класс жұмыс істейді.
    07/12/2018 17:18 0 187
    Әміре: Мен әлемдік сахнада ән айтуға толықтай дайынмын
    Әміре: Мен әлемдік сахнада ән айтуға толықтай дайынмын
    Әміре: Мен әлемдік сахнада ән айтуға толықтай дайынмын
    Димаш маған «Ондай байқауларға қатыспа, сен әлемдік сахналарда ән айтуға лайықсың» деп кеңесін айтып жатыр.
    Аудио тыңдау
    15/12/2018 00:15 1 2210
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Бүгінгі күні Қазақстан табысты, гүлденген және халықаралық қоғамдастық танитын мемлекет
    14/12/2018 18:05 0 1894
    Нұрсұлтан Назарбаев: Адам бақытты өмір сүруі үшін оның тәуелсіз Отаны болуы қажет
    Нұрсұлтан Назарбаев: Адам бақытты өмір сүруі үшін оның тәуелсіз Отаны болуы қажет
    Нұрсұлтан Назарбаев: Адам бақытты өмір сүруі үшін оның тәуелсіз Отаны болуы қажет
    Мемлекет басшысы Еуразияның жүрегінде орналасқан жаңа елорда – жаңғырған Қазақстанның символы саналады деп атап өтті.
    Аудио тыңдау
    15/12/2018 13:01 0 1172
    Қазақстан халқы саны 18,35 млн адамға жетті
    Қазақстан халқы саны 18,35 млн адамға жетті
    Қазақстан халқы саны 18,35 млн адамға жетті
    2017 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда 239,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді.
    Аудио тыңдау
    15/12/2018 13:29 0 517
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    1986 жылы желтоқсандағы қанды оқиғада құрбан болған қазақтың батыры Ербол Сыпатаев жайында сақталған деректер
    Аудио тыңдау
    16/12/2018 17:25 10 5169