• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:03:03
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

Халықтың Жәкішевті "жоқтағанына" 10 жыл болды

Көпшілік президент сайлауынан кейін Жәкішовтің бостандыққа шығатынынан үмітті.

Мұхтар Жәкішевтің тар қапаста отырғанына 10 жыл болды. 

Ол 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын өтеуге алдымен Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге жіберілген, кейін Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында болды. 2015 жылы туыстары, адвокаты мен құқық қорғаушылардың өтінішінің арқасында ол Долинкадан қайта Заречныйға жіберілген. Бірақ 2017 жылы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты тергеу ісіне қатысу үшін Астана қаласының изоляторына этаппен жіберілген. Тергеу ісі аяқталған соң мамыр айында Долинкаға, ал шілде айынан бері Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

Еске сала кетсек, «Қазатомпром» экс-басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев соңғы медициналық тексерілуден соң оның бас ми жүйесінде ақау бар екені анықталғанын айтқан болатын.  Кейін былтырғы жылдың 17 шілдесінде Жәкішовті Қарағанды облысындағы колониядан ШҚО-облысы Семей қаласындағы қатаң режимді колонияға ауыстырды. Осының себебінен Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы тағы да нашарлай түсті.

Ал жазда оның жағдайы мүлдем асқына бастады. Жәкішев үшінші топтағы мүгедек қатарына қосылып, жұмыс жасау қабілетінің 50 пайызынан айырылды. Сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің жоғары қан қысымның кесірінен көздің ішкі тор қабығы жарылып кеткен. Күз  мезгілінде Қарағанды қаласында Жәкішевтің көзіне операция жасалды. 

Бұл аз болғандай, қыркүйек айында Мұхтар Жәкішевтің анасы қатты сырқаттанып қалды. Жәкішев хәл үстінде жатқан науқас анасымен кездесуіне рұқсат беруін сұрап, өтініш жазды. Алайда 18 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің анасы қайтыс болды. Кейін қаралы хабарды естіген Мұхтар Жәкішев анасын соңғы сапарға шығарып салуды сұрап, өтініш жазды. Бірақ оған мұндай мүмкіндік берілмеді. 

Биыл 21 мамырда Жәкішовтің түрмеде отырғанына 10 жыл болды. Осыған қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Досым Сәтпаев: "Мұхтар Жәкішевтің тар қапаста отырғанына 10 жыл. Осы жылдар аралығында оның денсаулығы күрт нашарлады. Алайда оны сот мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Дегенмен бұл құқықты экстремистік әрекеті үшін сотталған азаматтардың өзі қолдана алады. Ал билік олардан (экстремистерден Ред.) ауруы асқынған адамды қауіпті деп санайды. Президенттікке кандидаттардың көпшілігі саяси тұтқындар туралы сөз қозғамауының өзі түсінікті жайт. Кандидаттар бұл туралы сөз қозғамауға тырысса да, бұл тақырып өз маңызын жоғалтқан жоқ". 

Роза Тұрдымұратова: Жүрегінде ар-ожданы бар әр азамат оның бостандыққа шыққанын қалайды. Ол өз балаларына қажет. Ол Қазақстанға қажет. Біздің мақсатымыз – бұл мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсету, сұмырайлардың күнделікті "бас ауруына" айналдыру. Мұның оңай емес екенін білемін. Алайда мүмкін емес дүние жоқ! 

Гүлмира Тыкибаева: Патриот болғаны үшін 10 жыл абақтыда отыр. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Оған медициналық көмек қажет. Мұхтар Жәкішов бостандыққа шықсын!

Көпшілік президент сайлауынан кейін ел Жәкішевтің бостандыққа шығатынынан үмітті. 

Оқи отырыңыздар: 

♦Жәкішев анасын жоқтаса, халық Жәкішевті "жоқтауда"

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір