• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:31:46
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Экономика

Халықтың қажеттілігі үшін шұбаркөл көмірін жөнелту басты орында тұр

Сәдібеков көмір бассейнінің жағдайымен және даму перспективаларымен танысып өтті.

ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков Қарағанды облысында өткен жұмыс сапары шеңберінде «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір разрезінде болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сәдібеков көмір бассейнінің жағдайымен және даму перспективаларымен танысып өтті. Оның ішінде тау-кен жұмыстарының жұмыс барысын, сұрыптайтын кешенді және көмірді жөнелту процедурасын қарап өтті.

2017 жылы кәсіпорын 10,45 млн. тонна өндіріп, рекорд орнатты, оның ішінде халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне арналған көмір көлемі 3,3 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 100 мың.тоннаға артық.

««Шұбаркөл» АҚ әлеуметтік көмір шығаратын негізгі жеткізуші болып табылады. Елдегі халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне көмірдің үштен бір бөлігі дәл осы жерде өндіріледі», - деді вице-министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

2018 жылы кәсіпорын 12 млн. тонна көмір өндіруді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 300 мың.тонна өсіммен 3,6 млн.тонна отын өндіруді жоспарлап отыр.

«Шұбаркөл» АҚ орташа есеппен 170-180 вагон көмір тиеледі. Көмір еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіледі.

«2018 жылдың қаңтар айында ғана Алматы облысына қатты суыққа байланысты 1055 вагон көмір, Оңтүстік-Қазақстан облысына 500 вагон көмір түсірілді», - деді Сәдібеков.

«Шұбаркөл» АҚ көмірінің техникалық сипаттамасы: көмір маркасы – Д (ұзынжалынды), күл көлемі – 5-13%, халыққа арналған көмір ішіндегі бірден бір сапалы отын болып табылады. Көмірдің ылғалдылығы – 14,5%. Жану жылуы – 5100-5600 кКал/кг.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір