• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:19:49
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2019 Әлем

Халықтың наразылығынан кейін отставкаға кеткен Бутефлика қалай ақталды?

Ақпан айында Әбделазиз Бутефлика 5-рет өткізілетін кезекті сайлауға қатысатынын мәлімдеген болатын.

Алжирдің президенті Әбделазиз Бутефлика халықтың жаппай ереуілінен кейін отставкаға кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Алжирдегі ереуіл 1 айдан астам уақытқа дейін жалғасты. 

Ақпан айында Әбделазиз Бутефлика 5-рет өткізілетін кезекті сайлауға қатысатынын мәлімдеген болатын. Алайда елде наразылық күшейіп, 2 наурызда мыңдаған адам ереуілге шықты. 

Ал Бутефлика болса халықтың сенімін ақтауды мақсат  тұтқанын айтып ақталды. 

82 жастағы президент өзінің не себепті отставкаға кеткенін былай түсіндірді:

— Мен қазір халықты тыныштандырғым келеді. Олардың жаңа өзгерус жасауына мүмкіндік беруді мақсат еттім. Қазіргі кездегі айыптаулар мен ереуілдер елдің жағдайын одан сайын төмендетуі мүмкін. Ал мемлекеттің басты мақсаты азаматтар мен олардың мүлкін қорғау. Мен басшылық еткен кезде халықтың жағдайын жақсарту үшін барымды салдым. Ұлттық бірлік, тәуелсіздік негіздерін нығайта түсуге тырыстым. Мен Алжир халқына бар жақсылықты тілеймін, - дейді Алжирді 1999 жылдан бері басқарған экс-президент. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір