«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған «Қазақ» газеті

«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған «Қазақ» газеті
Ⓒqamshy.kz

Бүгін ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық энциклопедиясы атанған «Қазақ» газетінің шыға бастағанына 105 жыл толып отыр.

Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен жарыққа шыққан басылым өз заманының келелі, түйткілді мәселелерін жан-жақты қозғап, халық пен билік арасын жалғастырушы көпір іспетті болды. «Қазақ» газеті тек өзі өмір сүрген заманында ғана емес, келешек ұрпаққа да ХХ ғасырдағы Қазақ өмірінен сыр шертетін тарихи басылымға айналды. Аталмыш басылым өзі өмір сүрген бес жыл ішінде біршама күрделі құбылыстардың, қоғамдық сілкіністердің куәсі болды. Сондықтан да ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихын зерттеуде «Қазақ» газетінің тарихи дерек көзі ретінде алар орны ерекше.

1913 жылдың 2 ақпанынан бастап жарық көрген «Қазақ» газетіне байланысты біршама деректерге көз жүгіртсек. Аталмыш басылым 1915 жылға дейін аптасына бір саны жарияланып отырған болса, кейіннен аптасына екі реттен шығып отырған. Өз дәуірінің мәселелерін тілге тиек ете отырып, ащы шындықтарды әшкерелеп, халық атынан сөйлей білген қаламгерлердің жазбалары арқылы бұқара халық елдегі жағдайларды біліп, билік басындағылардың хал-ахуалынан хабардар болып отырды.

«Қазақ» газетінде жарық көрген мақалалардың сапасы және мазмұны өте жоғары деңгейде болғаны сөзсіз. Белгілі журналист, алаштанушы Болат Мүрсәлім «Қазақ» газеті алғашқы санынан бастап-ақ өте жоғары кәсіби деңгейді көрсеткенін айтады.

– Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының ішкі дайындығы, білім деңгейі, олардың жазу шеберлігі – осы дүниелердің барлығы газеттің сапасына әсер етті. Газетте басылған Ахаң мен Әлихандардың алғашқы мақалаларында-ақ газеттің жалпы бағыты, оның ұлттың тұтас деңгейін қамтитын, ұлттың мүддесін көздейтін үлкен басылым екендігі көрінді. Ары қарай да газет шығып тұрған бес жылдың ішінде осы бағыттан тайған жоқ. Бұл басылымда жарық көрген мақалалардың деңгейіне қатысты айтар болсам, «Қазақ» газетінде туындылары жарық көрген авторлар қазақ ауылдарындағы санитарлық мәселелерден бастап сонау Думадағы келелі, үлкен-үлкен мемлекеттік саяси мәселелерге дейін түгел қамтып жазған. Сондықтан да, мақалалардың деңгейі де осыған сай болды, - дейді Болат Мүрсәлім..

Алаштанушы мұндай мақалаларды жазуға Петерборда, Мәскеуде оқитын студенттер және елде қызмет етіп жүрген Халел Досмұхамедов, Мұхаммеджан Тынышпаев секілді қазақ оқығандары, Алаш қозғалысына басы біріккен зиялылар атсалысқанын атап өтті.

«Қазақ» газетінде басылған Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы туындысында: «Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді. Түбі қандай белгісіз. Не болары білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма, болмаса дауыл болып соғып, үйімізді жығып, үй-ішімізді шашып тастар ма?! Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз ашылып шашылып қамсыз жатқан халықпыз», - деп жазып, бұл газетті басып шығаруға үлкен дайындықпен кіріскендігін көрсетеді.

«Қазақ» газеті сол кездегі қазақ өмірінің, патшалық Ресейдің боданындағы ұлттың ең көкейкесті, ең өзекті мәселелерін көтере білді. Және де оны өзінің деңгейіне сай, кәсіби шеберлікпен айта білді. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басында өзге де басылымдар болғандығы белгілі.

«Қазақ» газетіне дейін басқа да басылымдар болған. Мысалы, «Айқап» журналы шықты, «Серке» басылымы да біраз уақыт шығып, кейіннен жабылып қалған, «Қазақстан» басылым да болды, сонымен қатар, Үкімет тарапынан шығып тұрған Дала Уәлаяты газеті болды. «Қазақ» газетінің бұл басылымдардан ерекшелігі – қазақ тілінің әдеби нормасын қалыптастыра білуінде. Алғашқы санынан-ақ бұрмаланбайтын, шұбарланбайтын, таза әдеби тілмен жазып бастады. «Айқап» журналында немесе өзге басылымдарда жарық көрген мақалаларда татар сөздері, болмаса басқа да туысқан халықтың тілдеріндегі сөздер аралас жүргендігі немесе сөйлем құрылысында да калька сөйлемдер байқалады. Ал «Қазақ» газеті арқылы Ахмет Байтұрсынұлы өте жатық тілді алып келді», - дейді Болат Мүрсәлім.

Жалпы 265 нөмірі жарық көрген газет «қазақ» деген ұғымды білдіреді деп рәміздік бейне ретінде киіз үйді ұсынған. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды.

«Аталмыш газеттің бас таңбасында киіз үйдің суреті тұр. Ал ол киіз үйдің түндігі Европа жағынан ашылған. Мұның да өзіндік себебі бар: қазақ халқына Еуропадан батыс жұртының білім-ғылымы қазақ даласына тарасын деген ниет болды», - дейді Алаштанушы Болат Мүрсәлім.

Оның айтуынша, «Қазақ» газеті екі бағытты ұстанған: біріншісі – таза әдеби тіл нормасы болса, екіншісі – батыстық өркениетке қарай ұмтылған.

Алаш зиялыларының бәріне бірдей ортақ мақсаты – қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта көтеру, халықтың санасын оятып, жастарды оқу-білімге, сауаттылықта бейімдеу болды. «Қазақ» газеті мен оның құрылтайшылары алдарына қойылған мақсатқа қантөгіссіз күрес жолымен жетуге ұмтылды.

«Қазақ» газетінің №4 санында 1913 жылы 1 наурызда жарық көрген Есенғали Қасаболатовтың «Қазақ жастарына» атты мақаласында: «Басқа жұрттардың жастарына қарасақ, бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі пайдалы істер істеп, заманның төріне қарай бірінен-бірі қалмай, білімін асыруға тырысып жатыр. Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші. «Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі» дегеннің мағынасы осы. Ақсақ қойдай артқа қалған халықты қатарға кіргізетін, заманның амалына түсініп, жол көргізетін жаңа талап, талпынған әр жігіт, жастар болса керек еді. Бірақ қазақтың оқып шыққан мырзалары ондай амалды талап етіп ілгері ұмтылғандары бек аз көрінеді», - деп жазып, жастарды халық игілігі үшін еңбек етуге, өнер-білім үйренуге шақырады.

Аталмыш басылымның қанша жылдар өтсе де әлі күнге дейін тарихшыларға, журналистерге, филолог мамандарға азық болып келе жатқандығы мәлім. Мұндай газет өзінен кейінгі шыққан басылымдарға ықпал етпей қоймайды.

«Қазақ» газеті – мұзжарғыш кеме секілді болды. Бұзылмай тұрған қамалды бұзып, қазақ өміріне қазақ әдеби тілінің нормаларын, таза қазақ тілін алып келді. Қазақ ұлтының әдеби тілі Абайдан бастап қалыптасты дейтін болсақ, ал осы бұл басылым әдеби тілдің жалпыхалықтық қолданысқа енуіне ықпал етіп, оның барлық жазушы, тілші – барлығы да осы нормада жазуға үйреткен «Қазақ» газеті болды. Сондықтан да, бұл газеттің ықпалымен қазақ тілінің жазба тілі кеңірек қалыптасты. Жазба тілі, көсемсөз тілі, журналистика тілі осы «Қазақ» газеті арқылы қалыптасты. Кез келген мақаласында шағын ғана болса да, белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мән-мағынасын керемет жатық тілде жазып шыққан. Осы ықпал кейінге де әсер етті. «Қазақ» газетінің өте бір ықпалды көрінісі – Семейде 1918 жылы шыққан «Сарыарқа» газетінде, Мұстафа Шоқай бастап шығарған «Бірлік туы» газетінде, кейін Ж.Аймауытов пен М.Әуезов бастап шығарған «Абай» журналында бұл басылымның ықпалы бірден көрінеді. Ал бүгінде көптеген газет-журналдарымыз сол «Қазақ» газетіндегі жатық тілді меңгерді, бірақ дәл сол сияқты тек қана ұлттың мүддесін көздейтін, ешбір саяси немесе қаржылық топтың, әкімшілік топтың сойылын соқпайтын басылым, портал, сайт, не болмаса телеарна болсын құрылған жоқ», - дейді Алаштанушы Болат Мүрсәлім.

«Қазақ» газетінің материалдары әр түрлі жолдармен оқырмандарға түсінікті етіп қайта басылып шығарылған. Мысалы, 1993 жылы Үшкөлтай Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші шықса, Алаш зиялыларының «Қазақ» газетінде кезінде жарияланған мақалалары олардың жеке жинақтарына енді. 1998 жылы «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы газет материалдарының жинағын кітап түрінде басып, жарыққа шығарды. Сонымен қатар, «Ақиқат» журналында 1998 жылғы үшінші санына бастап «Мұра» айдарымен газет мақалаларынан сандық және жылдық ретін сақтап үзінділер жариялап отырған. Осындай жан-жақты жүргізілген түрлі жұмыстардың арқасында қазақ халқы ХХ ғасырдың басындағы ұлт өмірінен сыр шертетін «Қазақ» газетімен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.

Ал бұл тұрғыда тілші-ғалым Ғарифолла Әнес: «Біз алты жыл үзбей шығып тұрған газет материалдарының автор-жазушыларын айқындап, мақалалардың әрқайсысына жіп тағып өз иесіне қайтару ісін аяқтап келеміз. Есебімізше, газет көлемінің үштен біріне жуығы, яки 60 баспа табақтай көсемсөз үлгілері А.Байтұрсынұлының қаламына тиесілі екендігі текстологиялық жолмен дәлелденіп отыр», - дейді.

«Қазақ» газеті өзі өмір сүрген жылдары аз уақыт болса да, алдына қойған мақсатын орындай білген басылым. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін өзіндік құндылығын жоймаған бұл басылым келешек ұрпаққа азық бола білді.

Қазақтың бағына туған «Қазақ» өз тарихи миссиясын орындай білді…

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    16/08 10:27 0 0
    2
    Ерке салған "Қайда?" әнінің тарихын білесіздер ме?
    16/08 10:07 0 22
    3
    Өз әкесі таспен ұрып жазым ете жаздаған бала аяққа тұрды
    16/08 00:23 0 248
    Таразда жайнамазды тепкен бапкерді шәкірттерінің өздері әдейі арандатыпты
    15/08 22:14 0 260
    Кірпік жабыстырамын деп көзінен айырыла жаздады
    15/08 18:26 0 390

    Таныстырылғандар

    Димаш Құдайбергенов: Өз қазағымыздың қолынан қаза тапқаныңа сене алмаймын
    Димаш Құдайбергенов: Өз қазағымыздың қолынан қаза тапқаныңа сене алмаймын
    Димаш Құдайбергенов: Өз қазағымыздың қолынан қаза тапқаныңа сене алмаймын
    Танымал әнші Димаш Құдайберген қайтыс болған Қазақстанның даңқты спортшысы Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді.
    20/07/2018 11:51 0 6989
    Денис Тен пышақталған аудан қаладағы ең криминалды аудан саналды
    Денис Тен пышақталған аудан қаладағы ең криминалды аудан саналды
    Денис Тен пышақталған аудан қаладағы ең криминалды аудан саналды
    Алматы қаласы бойынша қаланың орталығынды қылмыс жиі орын алады.
    24/07/2018 11:02 0 1301
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала палатаға ауыстырылды.
    24/07/2018 17:29 0 1370
    Алматыда қылмыс деңгейі 2010 жылдан бері төрт есе артқан
    Алматыда қылмыс деңгейі 2010 жылдан бері төрт есе артқан
    Алматыда қылмыс деңгейі 2010 жылдан бері төрт есе артқан
    Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшановтың пайымынша оның өзіндік себебі бар
    25/07/2018 13:42 0 699
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Депутат Қайрат Құдайберген Орталық балалар ауруханасындағы дәрігерлердің айтқанын теріске шығарды.
    26/07/2018 11:33 5 1463
    Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
    Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
    Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
    2018 жылдың бірінші тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацисының Жамбыл облыстық филиалында...
    02/08/2018 15:12 10 600
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді (видео)
    Прокурор Аян Ақбердиев соттан бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алуды сұрады.
    03/08/2018 12:59 0 1789
    Елбасы Ақордада кеңес өткізді
    Елбасы Ақордада кеңес өткізді
    Елбасы Ақордада кеңес өткізді
    Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері арасындағы өзара тиімді экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған
    04/08/2018 12:06 5 645
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Веломарафонның өзгешелігі – көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команданың 5000 шақырымнан астам арақашықтықты жүріп өтуі
    04/08/2018 16:05 0 436
    Марат Ерсайынұлы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды
    Марат Ерсайынұлы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды
    Марат Ерсайынұлы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды
    Елбасының жарлығымен ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Шайхутдинов Марат Ерсайынұлы тағайындалды
    08/08/2018 18:03 0 553
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    Кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    OҚO-дa eгіншілікпeн aйналысaтын кooпеpативтеpдің 90%-ы элeктронды фoрмaтқa өтy apқылы жeңілдік aлyдa
    10/08/2018 09:29 0 448
    Румыния халқы социал-демократиялық партиясын жемқор деп айыптауда
    Румыния халқы социал-демократиялық партиясын жемқор деп айыптауда
    Румыния халқы социал-демократиялық партиясын жемқор деп айыптауда
    Бухаресте болған наразылық шеруінде 400-ге жуық адам зардап шекті
    13/08/2018 10:46 0 271
    Ауған соғысының ардагері мұрағат қызметкерлерімен кездесті
    Ауған соғысының ардагері мұрағат қызметкерлерімен кездесті
    Ауған соғысының ардагері мұрағат қызметкерлерімен кездесті
    Бұл жиынға мұрағаттың қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты
    13/08/2018 18:05 0 446
    ҚМДБ өкілі намаз оқуға кедергі жасаған мұғалімді қатаң айыптады
    ҚМДБ өкілі намаз оқуға кедергі жасаған мұғалімді қатаң айыптады
    ҚМДБ өкілі намаз оқуға кедергі жасаған мұғалімді қатаң айыптады
    Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде мұғалім намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққан еді.
    13/08/2018 18:21 0 10101
    Ресей Украинаға әскер кіргізбек - Эксперт
    Ресей Украинаға әскер кіргізбек - Эксперт
    Ресей Украинаға әскер кіргізбек - Эксперт
    Ресей Парламенті РФ Президентіне көрші мемлекеттеріне қарсы соғыс ашу құзырын берді
    14/08/2018 14:28 0 1756