Халықты арзан баспанамен қамту басы ашық күйінде қала бере ме?

Халықты арзан баспанамен қамту басы ашық күйінде қала бере ме?
ⒸThe Qazaq Times

Құлағы түрік жандардың дені нақ қазір  «не қымбаттайтынын, тағы қандай қызмет құнының бағасы аспандайтынын, қандай мүліктің бағасы шарықтайтынын» өзінше сараптап, сақ жүр. Сондай сараптаулардың ең басты тізімінде: талай қазақтың арманы болғаны баспана бағамы  тұр.

Сарапшы мамандардың пайымдауынша, елдегі банктер болашақта сыртқы қарыздарынан құтылудың барлық амалдарын қарастыра бастайды. Осы тұста банктер өздерінде кепілде тұрған үйлерді сатуға шығаруға өзінен-өзі мәжбүр болады. Әрине, егер банктер кепілде тұрған үйлерін сатылымға нарықтық бағамен шығарса жақсы. «Бірақ банктердің халыққа арзан бағамен тұрғын үй ұсынбайтыны даусыз. Осыны ескерсек, Тұрғын үй саласынан нанын тауып жүрген қайсыбір банкирлердің айтып жүргеніндей, болашақта еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй бағасы 7-8 пайызға қымбаттауы мүмкін» дейді мамандар.

«Қайсыбір мемлекеттер тұрғын үй ипотекасын, тұрғын үйлерді жалға беру тәсілін үйіріп те әкете алды. Ал біздің елімізде бұл үрдіс осы уақытқа дейін сауатты түзілмеді. Білесіз, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ капиталын көбейтіп, сол арқылы жеңілдетілген несие беру әдісін қолданысқа енгізе бастаған тұста «бұл әдіс бірінші реттегі нарықта үй алуға ұсыныс артып отыр. Ол міндетті түрде екінші реттегі нарыққа әсер етеді де, алдағы уақытта бұл өз нәтижесін беріп, мысалы, 140 мың доллар тұратын тұрғын үйлер 50-60 мың долларға түсетін болады» деп шенеуніктер осыдан үш-төрт жыл бұрын болжаған еді. Дегенмен, содан бері халық арзан үйге қол жеткізе алмады. Бүгінде кейбір екінші деңгейлі банктердің де ипотека беру үрдісі тоқтатылды. Шенеуніктер былтырғы инфляциямен  алдағы түзілер нарықтағы бағаны болжағанды қою керек. Былтыр доллардың құны басқаша болды, ал қазір жағдай басқаша. Білесіздер, біздің қарапайым тұрғындардың басым бөлігі баспананы осы банктер арқылы алуға үмітті. Кепілде тұрған үйлері бар, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысатын банктер бар енді олар өздерінің халыққа баспана беру әдісін қайта қарауды Үкіметке ұсынуы мүмкін. Сондықтан баспана бағасы арзандайтын тетіктерді көріп отырғанымыз жоқ. Керісінше, жағдайды өз пайдаларына шешіп алуды көздейтін банктер бұл бұл жерде қарап қалмайды», - деді эконмист-сарпашы Тоғжан Шаяхметова.

Абзалында, Тұрғын үй нарығына қатысты мамандар «банктер өз алдына, мұндайда монополистер де қарап қалмайды» деседі. Жалпы, соңғы 12 жылда елдегі баспана бағасы 600 пайызға дейін қымбаттағанына басымдық беріп отырған мамандар «бұл жерде монополистер тағы да сол жабайы нарық қағидасына жүгініп кетеді» деп отыр.

«Негізінде доллардың бұлайша күрт өсуі ішкі нарыққа айтарлықтай әсер етпеуі керек. Ол сыртқы нарықтағы бағаға, экспортқа, сыртқы сауда-саттыққа әсер етуі тиіс. Ал отандық өнім, отандық кәсіпорындар, отандық ішкі нарық бұдан зардап шекпеуі тиіс. Тұтынушылар да соған орай қымбатшылықты аса сезінбеуі керек-тін. Нарықтың заңдылығының өзі осы. Бірақ бізде жабайы нарық қалыптасып кеткен. Доллар көтерілсе бітті, сол долларға қатысы жоқ саланың өзінде бағаның өсімі болады. Мысалы, азық-түлік нарығын алайықшы. Доллардың құны көтерілді ме, азық-түліктің де құны демде өсіп шыға келеді. Бұған себеп «біз елге азық-түліктің 80 пайызын импорттап әкелеміз» деп ақталсақ та, бұл жерде отандық өндірісшілер тауар бағамын аспандатпауы тиіс. Сонда отандық өнімге деген сұраныс артып, импорт өзінен-өзі қалтарыста қала беретін еді. Бірақбұл заңдылыққа отандық монополистер бағынбай тауарының құнын одан әрі өсіре береді емес пе? Сол тәрізді Тұрғын үй саласын алайық,  мұндайда құрылыс материалдарының 80-90 пайызын сырттан әкелетін бұл салада баға қымбаттамайды, оған «алғышарт жоқ» деп бейқам отыруға тағы болмайды. Бағаны монополистер қымбаттады. Құрылыс материалдарын шеттен әкелетіндіктерін желеу етіп олар қазірдің өзінде бағаны өсіріп қойды, ал енді бір-бір жарым айдан соң бағаны тіпті өсіреді. Тұрғын үйдің құрылысы сол үйдің әрбір шаршы метріне кететін шығынмен байланысты болғандықтан, бұл жерде баға өседі демеске амал жоқ»,-деді экономист-ғалым Атамұрат Шәменов.

Осылайша мамандардың пайымдауынша, баспана бағамы жуық арада арзандамайды, керісінше, біртіндеп көтерілуі әбден мүмкін. Әрине, сарапшыларымыздың бұл сөзі баспанаға мұқтаж отбасылардың арманын одан бетер алыстатқандай. Ал енді мұндайда мемлекеттік тұрғыда не істеу керек? 

Нарықтағы үйлердің 30 пайызы жалдамалы болу керек

«Егер мемлекет халықты арзан баспанамен қамтамасыз етуді мақсат тұтса, онда елде жалдамалы тұрғын үйлердің санаты көбейуі керек. Мұндай жалдамалы тұрғын үйлер жалпы алғандағы тұрғын үй нарығының 30 пайызын құрауы керек» дейді мамандар. 

Бұған қоса мемлекеттік немесе муниципалдық тұрғын үйлер 8-10 пайызға жетсе, сонда ғана елде түйткілі аз, мәселесінің мәні шешілген тұрғын үй нарығы қалыптасады.  Міне, қазақтың баспана мәселесін шешу үшін ортақ айналымдағы тұрғын үйлердің шамамен алғанда 30 пайызы тіпті одан да көбі халыққа қолжетімді, арзан болуы тиіс. Ескеретіні, бүгінде  тұрғын үй саласындағы жалдамалы арзан жүйе Германияда – 60 пайыздық, Швецияда – 57 пайыздық, Нидерланияда – 55 пайыздық, Данияда – 44 пайыздық, Жапония мен АҚШ-та 34 пайыздық деңгейлік көрсеткішке жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш тұрғын үй нарығының жалпы көлемінің 20 пайызын құрап отыр. Өкінішке қарай, мамандар біз үшін бұл межеге жетудің ауылы тым алыстау екенін, біздегі тұрғын үй нарығындағы баға жыл сайын өсім баяу болса да өсім беріп беріп отыратынын, 12 жылдың ішінде баспана бағасын 600 пайызға дейін өсірген бірден-бір ел екенімізді алға тартады. «Егер Тұрғын үй нарығындағы баға бұлай құбыла беретін болса ең кемі 15 жылда да елде арзан үйлердің көрсеткіші 30 пайыздық межені бағындыра алмайды» дейді мамандар.

Инвесторларды арзан үй салуға міндетету керек

Сондай-ақ «Қазақстан-менеджменттік жоспарлау» орталығы мамандарының пайымдауынша, біздегі құрылыс саласында жүрген инвесторлар тек қымбат үйлерді салуды тиімді санайды. «Сондықтан болашақта Тұрғын үй құрылыс саласында жүрген инвесторларды арзан үйлер салуға міндеттеу керек» дейді мамандар. .

«Біздегі Тұрғын үй құрылысы саласында жүрген инвестор үшін қымбат үйлер салып, оларды бәленбай мыңдаған долларға сату өте тиімді.  Ірі инвесторлар тек қымбат бағалы элиталық үйлерге ғана қаржыларын салғысы келеді. Олар мемлекеттік, әлеуметтік Тұрғын үй бағдарламаларына қатыспайды. Тіпті осы бағытта жұмыс істейтін банктерге де инвестиция салмайды. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылы сатылуға қойылды. Бірақ сол аралықтан бері банкті сатып алуға жекелеген инвесторлар қызығушылық танытпаған. Себебі белгіленген нормаға сәйкес банкті сатып алғанның өзінде барлық әлеуметтік талаптар сақталып, тұрғын үйлер халыққа арзан бағамен берілуі тиіс. Ал, арзан үйлер деге ннвесторларды қызықтырмайды. Арзан үй олардың қалтасын қампайтпайды.Сондықтан келешекте осы мәселені шешу мақсатында үкімет арнайы шараларды қарастырғаны жөн. Меніңше, инвесторларды әлеуметтік тұрғын үй сату бағдарламаларына және арзан үйлерді салуға міндеттеп қатыстыру керек», - дейді Анар Күдерина

Қарлығаш Зарыққанқызы 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
    26/05 04:31 0 176
    2
    Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
    26/05 03:44 0 645
    3
    Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
    26/05 02:19 0 218
    Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
    26/05 01:49 1 209
    Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
    26/05 01:47 0 361

    Таныстырылғандар

    Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
    Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
    Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
    Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
    21/05/2019 16:48 0 310
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:48 0 361
    Халық Қосановқа қаражатын қимай  ма?
    Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
    Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
    Алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келді
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 12:51 1 1770
    Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
    Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
    Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)
    Бұл жағдайдың бізге зияны тиуі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 14:02 2 9502
    "Шындықтан қаша алмайсың": Министр Ерлан Тұрғымбаев алматылық жігіттің сауалына жауап берді
    "Шындықтан қаша алмайсың": Министр Ерлан Тұрғымбаев алматылық жігіттің сауалына жауап берді
    "Шындықтан қаша алмайсың": Министр Ерлан Тұрғымбаев алматылық жігіттің сауалына жауап берді
    "Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуы бар футболка немесе басқа да заттарды пайдалануға бола ма?..
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:23 0 5316
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Еліміздің ертеңі мен бүгіні жастардың қолында деген қағиданы бәріміз білеміз. Университетіміз —  еліміздің дамуының кепілі мен көрсеткіші.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:43 0 172
    Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
    Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
    Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 18:53 0 1014
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
    Қыздың анасына қоңырау шалып, 110 мың теңге талап етіпті
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 03:35 0 979
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Қазақстан сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар барын растады
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 09:57 0 570
    Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
    Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
    Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
    Назарбаев: Оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 10:27 1 6963
    Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
    Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
    Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
    Алматыда сауда орталықтарының бірінді 32 жастағы ер адам 7 жастағы қызды зорлауға әрекеттенді
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 11:01 0 887
    Балалы болғыңыз келсе...
    Балалы болғыңыз келсе...
    Балалы болғыңыз келсе...
    Бұл аяттар Жасағанның құлдарына түсірген ұлы игілігі ғой.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 14:00 0 744
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізді.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 14:38 0 1603
    Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
    Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
    Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
    Асқар Мамин ел өңірлеріне сапарлары кезінде берілген...
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 18:22 0 237
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды
    Аудио тыңдау
    25/05/2019 01:03 1 1557