• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:53:10
Алматы
+35°

07 Сәуір, 2017 Саясат

Халықаралық сауданы жүргізуді электрондық форматқа ауыстырады

Бүгін ОҚҚ-да «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбы бойынша брифинг өтті деп хабарлайды "Қамшы"ақпараттық агенттігі. Спикер...

Бүгін ОҚҚ-да «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбы бойынша брифинг өтті деп хабарлайды "Қамшы"ақпараттық агенттігі. Спикер ретінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Амрин госман Кәрімұлы сөз сөйледі.

Еліміздің кеден органдарының қызметі халықаралық сауданың тұрақты дамуына қолдау көрсету тиіс. МКК аталған бағыт бойынша тиісті жұмысты атқаруда.

Бүгінгі таңда кедендік рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілді, сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) мүшелеріне, орта және шағын бизнес өкілдеріне бар жағымды жағдайлар жасалды. 

Мәселен, бизнес-процесстерді оңтайландыру нәтижесінде жасалатын іс-әрекеттердің саны 898-ден 394-ке дейін (2,3 есеге) қысқартылған. Жалпы кедендік рәсімдеу уақыты 6 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылған.

Халықаралық сауданы жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету үшін кедендік рәсімдеу мен бақылау процестерін біртұтас платформа негізінде электрондық форматқа ауыстыруы жоспарланған. Бүгін осы процестер әр түрлі ақпараттық жүйелерінде байланыссыз қалған. АСИКУДА халықаралық платформаның базасында электрондық кедендік декларациялаудың толық циклымен "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі құрылады (Кедендік әкімшілендірудің және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі), ол пилоттық режимде еліміздің барлық аймақтарында қолданылуда.

Тауарларға электронды түрде берілетін декларация онда жазылған мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуды қажет етпейтін болады. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесі тауарларды тексеріп, тәуекелдерді таппаған жағдайда олар автоматты түрде (мемлекеттік кірістер органның лауазымды тұлғаның қатысуынсыз) шығарылатын болады

Бұл жүйе кеден және салық жүйелер интеграциясының бірінші қадамы ретінде болады.

Сонымен қатар МКК төраға орынбасары Астана қаласында барлық бақылаушы органдарды орналысқан жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылғандығы туралы хабардар етті. Бұнда сыртқы экономикалық қызмет қатысушы барлық кешенді логистикалық қызметті алады.

Дәл сондай 4 кедендік рәсімдеу аймақтары (Қазақстанның Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығысында) қысқа уақыт ішінде басқа ірі қалаларда да пайда болады.

Бұдан басқа, көп уақытты қажет ететін бақылаудың ең ауыр түрлерін (бағаны бақылау, тауарларды классификациялау т.б.) тауарларды шығарғаннан соң (постфактум) өткізу жоспарлануда.

Тіпті кейбір бұрын тексерілген және адал СЭҚ мүшелері үшін барлық бақылауды «постфактум» режиміне қалдыру жоспарланып отыр. Аталған рәсім әкелінген тауарларды кедендік рәсімдеусіз бірден ішкі айналымға кіргізуді мүмкіндік береді.

Сыртқы сауда айналымды жеделдетудің соңғы кезеңі – Кедендік және салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБС). «Біз бақылауды жоспарлау және өткізудің негізі болып табылатын ТБС-ті реформалардан өткіздік. Нәтижесінде кедендік бақылаудың тиімділігі 2 есе артты», - атап өтті Г.Амрин.

Сонымен қатар ТБС АЖ негізінде «Виртуалды қойма» модулі бар туарларды есептейтін және бақылайтын жүйе ендіріледі. Онда кедендік декларации электронды шот-фактурамен байланыстырылады. Бұл туарлар жеткізудің бүкіл жолын бақылауға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде салық жиналуы мен салық салу ашықтығы өсіп, қаражат «көлеңкіден» шығарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір