• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:50:20
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 Саясат

"Халық сайлау арқылы үкіметке ықпал етпей, министрлердің орнын ауыстыра беру еш нәтиже бермейді"

Мәселен, осы өзгерістерге дейін «Президент әкімшілігінің жетекшісі Жақсыбеков зейнеткерлікке әрі бюджетке қарыз болып кетеді» деп кім айта алды?!

Күздің басында биліктегі ауыс-түйістің иісі шыға бастағанда жорамал жасап, әркім өз нұсқасын ұсынған еді. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды, иә, ауыс-түйіс болды. Бірінші болып Президент әкімшілігінде отырған Әділбек Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толып, қызметінен босатылған еді. Артынша Астананың әкімі, еліміздің қаржы министрі ауысып, күтпеген «тосын сый» жасады. Тағы да ауысулар бола ма? Қандай өзгеріс күтіп тұр? Сауалдарымызға  саясаткер Әміржан Қосанов  жауап берді.

-Қыркүйектің басында билікте азды-көпті ауыс-түйіс болды. Жаңа тағайындаулардан айтарлықтай өзгеріс күте аламыз ба?

-Сенімнен әбден айрылған әрі экономиканы түбіне жеткізуге шақ қалған үкімет құрамындағы бірді-екілі министрді ауыстыру билік қызметіне, оның сапасына түбегейлі өзгеріс әкеледі деп ойлау әбестік болар.

Меніңше, бұл кадрлық ауысуларға президент әкімшілігінің жетекшісінің орнынан кетуі басты себеп болып отыр. Жақсыбеков орнынан кетпегенде Исекешов келмес еді. Ол әкімдіктен жоғарғы жылжымағанда орнына Сұлтанов келмес еді. Сұлтанов жылы орнын ауыстырмағанда орнына Смаилов отырмас еді.

Сондықтан да бұл ауысулардан үкімет жұмысын жақсартуға арналған себеп-салдар іздемей-ақ қойған дұрыс болар: бәрі де амалсыздан жасалған орын алмасулар.

«Осы қызметте Пәленшеев Түгеншеевтен гөрі жақсы жұмыс атқарады» деген уәж жоқ мұнда. 

-19 қыркүйекте ҚР Қаржы министрі болып Әлихан Смайылов тағайындалды. Тағы да ауысулар бола ма?

-О жағын алдымен Құдай, сосын президент біледі. Біздегі қадрлық өзгерістерде ешбір қисын не бірізділік жоқ. Бәрі де бір адамның қолында, сондықтан болжап айтудың өзі мүмкін емес.

Мәселен, осы өзгерістерге дейін «Президент әкімшілігінің жетекшісі Жақсыбеков зейнеткерлікке әрі бюджетке қарыз болып кетеді» деп кім айта алды?!

Министр, әкімді халық сайлап отырған жоқ. Халық үшін бұл ауысулар еш өзгеріс әкелмейтін болған соң белсенділік танытатындар да аз. Қашан халық ел министрін өзі таңдай алады?

Бұл өзі саяси астары бар мәселе.

Ол үшін біз, демократтар айтып жүргендей, үкімет құрамын парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия құрап, белгілі бір мерзімге ұжымдық жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Өз уәделерін орындай алса, келесі сайлауда халық ол партияны қолдайды, қолынан іс келмесе, ол партияға дауыс бермей қояды. Міне, халық билігі осындай дәстүрден құралады.

Ондай демократиялық өзгерістер орнықпай, кадр мәселесіндегі бей-берекетшілдік, жершілдік, рушылдық, кландық секілді теріс құбылыстардан, сондай басшылардың білімсіздігі мен біліксіздігінен, түптеп келгенде бүкіл басқарушы органдардың жүгенсіз жауапсыздығы мен жан-жағын жалмап жатқан жемқорлығынан біржолата құтыла аламыз.

 

А.Таубай

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір