• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:36:56
Алматы
+35°

21 Шілде, 2018 NEWS

Халық Денисімен қоштасуға келді (фото, видео)

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында екі ұрының қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтуде

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында екі ұрының қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Денис Тен

Қысқа ғана ғұмырында елінің сүйікті ұлына айнала білген спортшымен қоштасуға келген халықтың қарасы өте көп.

Денис Тен

Спорт сарайына адамдар кіріп үлгере алмай жатыр. Елімізге белгілі мәнерлеп сырғанау шеберімен қоштасуға келген қала тұрғындарының бірі: «Бүгін Денис Тенмен қоштасу шарасы болып жатыр. Бірақ спорт сарайының ішіне кіре алмай жатырмыз. Балуан Шолақ спорт сарайының алдында халық өте көп, есікке сыймай жатқан секілді», - дейді.

Денис Тен

Спортшыны ақтық сапарға шығарып салуға Алматы қаласы әкімдігі, елімізге белгілі боксшы Геннадий Головкин, саясаттанушы Айдос Сарым және өзге де қоғам қайраткерлері мен беделді тұлғалар келген.

Денис Тен

Денис Тен

Денис Тен

Алматы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір