• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:44:01
Алматы
+35°

16 Қараша, 2018 Экономика

Халің қалай, теңге?

Қорытындысы – теңгеміз 800 пайызға құнсызданды.

Бір күн бұрын ұлттық ақшамыздың туған күнін тойладық. Ұлтттық валютамызды туған күнімен құттықтай отыра сын айтуға мәжбүрміз.

Ұлттық ақшамыз дүниеге келіп, төл теңгемізге Ұлы Аталарымыздың бейнесін  салдық. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деп, жүрегіміз жарыла қуандық. Алғашқы жылдары бәрі сәтті басталды. Тәуелсіздігімізді айқын сезініп, жүрегімізде үміт оты алаулап жанды. Алайда, орыс тілді биліктің ықпалымен теңгемізден Ұлы Аталарымыздың бейнесі алынып тасталып, теңгемізге отарлаушы елдің тілін қосып, оны «музей»  мен «зоопаркке» айналдырдық және оның тағдырын «рубльге» қосақтап, байлап бердік. Ол аз болғандай, қарыз сұраған алақанның суретін салдық. Оны біз қазір сыпайылап «инвестиция» деп атап жүрміз. Қорытындысы теңгеміз 800 пайызға құнсызданды. Әлі де тоқтамастан құлдырап барады. Теңгенің құнсыздануы, сол себептен тұтыну тауарларының толассыз қымбаттауының аяғы қарапайым халықты кедейшілікке апарып соқтыруда.

27 жыл бойы еліміздің Қаржы министрі «теңгеміз құнды, ешқандай инфляция жоқ» деп алдаумен  келеді. Осы мәлімдеулердің ақиқатын сараласақ:

1993 жылы 15 қараша да төл теңгеміз ауысқанда,

1 АҚШ доллары – 4 теңге 47 тиын болған екен. (1993 жыл). Ол кезде теңгенің ең жоғары купюрасы –100 теңге болды.

Бүгінгі таңда 1 АҚШ доллары – 370 теңгені құрап отыр. (қараша 2018 жыл) Қазіргі уақытта теңгенің ең жоғары купюрасы – 20 000 теңге болды.

10 жылдан кейін теңгеміздің құны 1 АҚШ долларына шаққанда – 500 теңге болып, ең жоғары купюрамыз – 100 000 теңге болса таң қалуға болмас.

Мемлекет халық алдындағы өздерінің әлеуметтік міндеттерін орындамады.

 Мәмбеткәрім Қаржаубайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір