• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:41:02
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Спорт

Хабибтің әкесі Макгрегорды Дағыстанға қонаққа шақырды

«Шақырғанға келмеген шақыруға зар болады» дейді.

Хабиб Нұрмағамедовтың әкесі Абдуманап Нұрмағамедов ютубта сенсациялық видео жариялапты. Мұны сенсацияға балап отырған қасындағы достары. Аталмыш видеоны да ғаламторға жүктеген солар сияқты.

♦Хабиб Нұрмағамедов қатты қорқатын әкесі жайлы не білеміз?

Ол видеода Абдуманап Нұрмағамедов аты аңызға айналған Конор Макгрегорды Дағыстан еліне келіп, қонақ болып кетуге ұсыныс білдірді. 2018 жылдың 15 желтоқсанында Махачкала қаласында самбодан әлем чемпионаты өтеді екен. Сол чемпионаттың қадірменді қонағы ретінде Олег Тактаров пен Конор Макгрегор ретінде көргісі келетінін айтты. Видео барысында атақты спортшы Хабибтің әкесі Абдуманап өз баласының Конордан қарағанда мықтырақ екендігін ерекше атап өтті. «Дәл бүгін Хабиб Нұрмағамедовтың күші Конор Макгрегордан басым» деген Абдуманап Нұрмағамедов Конорға Дағыстанның қаншалықты сұлу мекен екендігін де мақтанышпен көрсеткісі келетіндігін жасырмады. «Дағыстандықтардың бет-бейнесін, мінез-құлқын, жан дүниесін тануға бұл керемет мүмкіндік» деген Абдуманап өз жерлестерін, әріптестерін чемпионатқа қызу дайындалуға, бар күш-жігерді салуға шақырды.

♦Хабиб Нұрмағамедовты дағыстандықтар қалай қарсы алды? (видео)

♦Хабиб Нұрмағамедов: Ұлымның менің жолымды қайталағанын қаламаймын

«Шақырғанға келмеген шақыруға зар болады» дейді. Дағыстанға шақыру алған Конор Макгрегор Дағыстанға бара ма деген сұрақ көпшілікті қызықтырады. Әзірге ол ресми түрде жауап берген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір