• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:22:21
+35°

Лас-Вегаста болған жекпе-жектен кейінгі дау әлі күнге дейін өз шешімін таппады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Еске салсақ, дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов төртінші раундта Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңген болатын. Мұны кұтпеген жанкүйерлер шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтың арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелесске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.

UFC президенті Дэна Уайт келеңсіз жайтқа байланысты пресс-конференция кезінде пікір білдіріп, Конор МакГрегормен төбелескен жігіттерді алдағы болатын жекпе-жектен шектететінін айтқан. Алдағы уақытта Зубайра Тухугов Конор МакГрегордың ресейлік досы Артем Лобовпен жекпе-жекке шығу керек болатын. Алайда бұл кездесу кейінге қалдырылып, тіпті Зубайра Тухуговты  UFC ұйымынан шығарып тастауы мүмкін. Осыған қатысты бүгін дағыстандық чемпион Хабиб Нұрмағамедов UFC-ге қарсы шықты.

«Менің UFC-ге айтар уәжім бар. Неге Конордың командасы автобусқа шабуыл жасаған кезде ешкімге ең болмаса ескерту жасамадыңдар. Олар топ болып автобустағыларға шабуыл жасап, бірнеше адам жарақат алды. Неге сол кезде бірде-біреуіне шектеу қоймадыңдар? Менің отбасымды, дінімді, халқым мен ұлтымды балағаттаған адам туралы жағымсыз пікір айтылмайды, ескерту жасалмайды. Неге менің командамдағы жігіттер ғана жазалануы керек? Екі команда да төбелеске қатысты ғой. Егер мені төбелес бастады деп айыптасаңыздар мен оған мүлдем келіспеймін. Мен олардың бастаған төбелесін аяқтадым. Жарайды, кез келген айыппен мені жазалаңдар. Неге менің бауырым Зубайра Тухугов зардап шегу керек? Егер мені үнсіз қалады деп ұміттенсеңдер, онда қатты қателесесіңдер. Сіздер Конорды ұрғаны үшін Зубайраның кездесуін кейінге шегеріп, тіпті оны ұйымнан шығарып тастайын деп шешім шығарғалы жатсыңдар. Алайда менің командам мен Конор арасындағы төбелесті Конордың өзі бастаған. Камерадан қарасаңдар барлығы көрініп тұр. Егер менің бауырымды ұйымнан шығарып тастасаңдар, менен де айырылдым деп ойлай беріңдер. Бізде, Ресейде досын не бауырын ешқашан жарты жолда тастап кетпейді. Мен соңына дейін барамын. Сонымен бірге жыртылған келісімшартты маған жіберуді ұмытпаңдар. Әйтпесе келісімшартты өзім парша-паршасын шығарып жыртып тастаймын. Айтпақшы ұмытып барады екенмін, сендер бермей отырған менің гонорарымды өздеріңе қалдырсаңдар болады. Біз өз намысымызды ештеңеге айырбастамаймыз және жекпе-жек кезінде намысымызды сақтап қалдық. Бұл бастысы және бауырларымыз үшін соңына дейін бірге барамыз», деді Хабиб Нұрмағамедов.

Сонымен бірге UFC спортшысы Ислам Махачев те өзінің бауырларымен бірге екенін жеткізді. 

"Мен UFC үшін аса маңызды спортшы емес те шығармын. Алайда менің бауырларымның құқығына шектеу қойылып жатқан жерде мен де өнер көрсеткім келмейді", деп мәлімдеді.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Я хотел бы обратиться к юфс: Почему вы никого не уволили, когда их команда напала на автобус толпой и ранила пару человек, ведь они могли убить кого то там, почему ни кто ничего не говорит про оскорбления моей родины, религии, нации, семьи. Почему вы должны наказывать именно мою команду, когда дрались обе команды, если вы скажете что я это начал, то я не согласен, я закончил начатое им. В любом случае, так накажите меня, причём тут @zubairatukhugov если вы думаете, что я буду молчать, то вы ошибаетесь, вы отменили бой Зубайры и хотите уволить его, только за то, что он ударил Конора, после того как Конор первый ударил моего другого Брата, на камере все видно. То знайте, что вы и меня потеряете вместе с ним, у нас в России мы своих не бросаем и я за своего Брата пойду до конца и если вы все таки решитесь его уволить, то и мне не забудьте отправить разорванный контракт, в противном случае я сам его порву. И да чуть не забыл и гонорар мой, который вы не отдаёте и с которым вы так возитесь, можете оставить себе, только смотрите чтоб он у вас в горле не застрял, мы свою честь отстояли и это самое главное, а за Братьев мы идём до конца. #БратзаБрата

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

Соңғы жекпе-жектегі кәсіби жеңістен кейін Хабиб Нұрмағамедов өз ашуын тізгіндей алмай көпшілікті көңілін түсірген болатын. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін дағыстандық чемпионның не үшін мұндай әрекетке барғаны түсінікті болды. Сонымен бірге Нұрмағамедовтың өзі де болған жайтқа өкінбейтіндей көрінген. Біріншіден Макгрегордың секунданты Диплон Данис Хабибтің сеніміне қатысты балағат сөздер айтқанын ескерген жөн. Себебі басқалар үшін қайдам, Хабиб үшін бұл аса маңызды тақырып болды. Екіншіден жекпе-жектің алдында Конор ғана емес ұйымдастырушылар да Хабибтің ашуына тиіп, шоу жасағысы келді. Ал дағыстандық тау халқының қызуқандылығын білдіртпеуге тырысып, өзін барынша сабырлы көрсетті. МакГрегордың қасына бір топ жігіттерді жинап алып автотұрақтағы Хабиб отырған автобусқа шабуыл жасауы да шоудың көрінісі деп санауға болады. Себебі бұл жайттан кейін оқиғаға еш қатысы жоқ, жазықсыз екі азамат, Рэю Боргу мен Майкл Киесу зардап шекті. Ал UFC ешқандай реакция білдірмеді, тіпті ескерту де жасамады.

Ал қазір UFC әділетті шешім шығаруға тырысып, октагонға рұқсатсыз секіріп кіріп, Конорды ұрған Зубайра Тухуговты ұйымнан шектеткелі жатыр. Иә, дағыстандық жігіттің әрекеті дұрыс болмады, оның МакГрегорға шабуыл жасауы да қате. Бірақ көкейде бір сауал қалды. МакГрегордың автобусқа шабуыл жасауы дұрыс әрі әділетті ме? Екі UFC спортшысын жаралаған жайттан кейін, аталмыш шабуылға қатысқан Артем Лобовты не себепті жекпе-жектен шектетпеді? 

Ендігі кезекте аты дардай компания мен танымал спортшылардың қандай мәмілеге келетіні қызық болайын деп тұр. UFC-дің енді ғана танылып келе жатқан басты жұлдыздан бас тартуы ақымақтық болар. Ал Зубайра Тухугов пен Артем Лобовтың жекпе-жегі де көпшіліктің қызығушылығын арттыруда. Мүмкін ұйымдастырушылар аталмыш жекпе-жекті кейінге қалдыру арқылы көрермен жинауды көздеп отырған шығар. Кім білсін?! Себебі UFC-дегі кез келген жекпе-жекте оның президенті Дэна Уайт қана жеңіске жетеді. Спортшылар тек қана UFC президентінің қолжаулығы іспеттес. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір