• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:06:37
+35°

23 Мамыр, 2019 Спорт

Хабиб Нұрмағамедов Рамазан айындағы жаттығулары туралы айтып берді (видео)

30 жастағы ресейлік жуан жұдырықтың еншісінде 27 жеңіс бар. Ол қос ірі турнирде (MMA мен UFC) бірде-бір рет жеңіліс дәмін татпаған.

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағамедов қасиетті Рамазан айындағы жаттығу жұмыстары туралы айтып берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Нұрмағамедов америкалық Дастин Порьемен болатын бәсекеге дайындық жұмыстарын бастап кеткен көрінеді. Дегенмен, ресейлік былғары қолғап шебері тыңғылықты дайындалып жатқан кездесу әлі күнге дейін ресми бекітілген жоқ, бірақ Хабиб бұл кездесудің болатынына толық сенімді.

Ауызы берік спортшы ораза кезінде жаттығу жұмыстарының күніне екі мезгіл жүргізілетінін мәлімдеді.

"Күні бойы ештеңе ішіп-жемейтіндіктен абайлап жұмыс жасауға тура келеді. Ағза әлсірейді. Бұлшық еттерді, буындарды қатайтатын жаттығуларға басымдық береміз. Көбіне шаршы алаңға шықпауға тырысамыз", - деді ол.

30 жастағы ресейлік жуан жұдырықтың еншісінде 27 жеңіс бар. Ол қос ірі турнирде (MMA мен UFC) бірде-бір рет жеңіліс дәмін татпаған.

Хабиб Нұрмағамедов – UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы. Ресейлік өзінің осы титулын соңғы рет Конор МакГрегормен жұдырық түйістіріп қорғап қалған еді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір