• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:39:18
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Әлем

Хабиб Нұрмағамедов қатты қорқатын әкесі жайлы не білеміз?

«Хабибтің әкесі – Қадыровтың «бір жеріне кіріп жүрген» жағымпаз. Онымен сурет салып «Бірге мықтымыз» деп жазып қойыпты.

«Дағыстандықтар медальсіз қалса да, намыстарын таптатпай ер мінезін сақтап қалуы тиіс». Бұл  күні кеше ирландиялық МакГрегорді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалған боксшы Хабиб Нұрмағамедовтің әкесінің айтқан сөзі. Абдулманап Нұрмағамбетовтің есімін бүкіл Ресей біледі, сыйлайды. Себебі ол еркін күрестен, самбодан бірнеше чемпионды тәрбиелеген бапкер. Ал сол елге сыйлы адамнан ұлы Хабиб қорқады. Неге? Абдулманап Нұрмағамедов деген кім? Шолу жасап көрелік...

Википедиядағы мәліметке сүйенсек, ол еркін күрестен ССРО спорт шебері, Ресейдің құрметті бапкері, Самбодан Дағыстан республикасы ұлттық құрмасының бас бапкері, дзюдо мен самбодан Украина чемпионы. Дағыстанда туып өскен. Жастайынан спорт саласына ден қойды. Спорттағы мансабын еркін күрестен бастап, спорт шебері атанды. Әскерде жүрген кезінде дзюдо және самбомен айналысты. Ресейге танымал Петр Бутрий – Абдулманап Нұрмағамедовтің жаттықтырушысы.

Абдулманап Нұрмағамбетов

Бапкердің спорт жолындағы ең алғашқы әрі өзі мақтанышпен мойындайтын жетістігі – 1992 жылы чемпион болған шәкірті, інісі Нұрмағамед Нұрмағамедов.

Сонымен қатар, еркін күрестен Дағыстан мен Ресейдің келесі чемпиондарын дайындады: Қазиев Магомедхан, Дарбизщев Саидбек, Магомедов Хасан, Муталимов Қажымұрат, Омаров Дабадан, Алиев Магомедрасул.

Сұхбаттарына шолу

Бапкердің бірнеше сұхбатын қарап шықтық. Өзін салмақты, байсалды ұстайтын Нұрмағамедов үшін намыс бірінші орында екенін аңғару қиынға соқпады. Бәлкім, бұл таулы аймақтың ерлеріне тән ортақ қасиет болар. Алайда Абдулманаптың екі сөзінің бірінен «намыс» дегенді естисің еріксіз. Абдулманап Нұрмағамедовтің сұқбаттарын назарларыңызға ұсынамыз.  

— Ер баланы батыр деп қандай жағдайда айтуға болады?

Ол ең алдымен отбасын, әйелін, бала-шағасын әрі отанын қорғай алатын дәрежеде болуы керек. Себебі мұның бәрі ер жігіттің намысы. Намыссыз ер езбен тең.

— Сізді қатал тәрбиеледі ме?

Иә, әкем қатал болды. Бірақ бұл дұрыс. Әкесі қатал бала намысты болып өседі.

— Баланы қалай тәрбиелеген дұрыс?

Дағыстандық балалар таңнан кешке дейін бос болмауы керек. Ерте тұру, жаттығу жасау, мектепке бару, бір сағат демалу, ата-анасына көмектесу, кешке жаттығу жасау, 2 сағат уақытыңды сабаққа арнау, ұйықтау. Біздің балалар осындай тәртіпке дағдыланған.

— Өмірде нені өзгертер едіңіз?

Адамдардың өзімшілдігін, менмендігін.

— Сіз үшін өмірдегі ең  бағалы зат?

Аллаға табыну.

— Бойыңыздағы өзгермейтін үш қасиет

Үлкен адамды тыңдау, сөзін бөлмеу. Жасы кіші адамның қателігін көрсең, түзету. Қоғамға пайдаңды тигізу.

— Балаларыңыз үшін сіз кімсіз?

Диктатор.

— Мықты спортшы болу үшін баланың бойында қандай қасиеттер болуы шарт?

Бала білікті спортшы болу үшін мақсаты нық болса, жолында кездескен қиындықтарға мойынсынбаса игі.

— Сіз үшін ең бағалы дүние

ССРО уақытын ерекше жақсы көрдім, сағынамын. ССРО деп жазылған футболка – мен үшін бағалы.

— Дін жайлы ойыңыз

Дін әлемге тыныштық әкеледі.

— Діншіл адамның бір күні

Түнгі 4 жарымда тұрып, Аллаға оянғаныңа шүкір ету. Жуыну, спортпен шұғылдану. Сөйтіп, күні бойы сергек күйі жоспарларды жүзеге асыру.

— Ер адамға тән ең маңызды қасиет

Өзіңді лайықты ұстау.

— Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Менің бос уақытым жоқ. Сол үшін бақыттымын. Екі ұлым, қызым бар, немерелерім бар, мен әкемін, атамын, Ресейдің құрметті бапкермін.

Абдулманап Нұрмағамбетов

Конор - бізге жау емес

Хабибтен жеңілген Конор жекпе-жектен бұрын оның әкесіне «тіл тигізіп» сөйлеген еді. «Қорқақ» деді алғашқы бір сөзінде.

«Хабибтің әкесі – Қадыровтың «бір жеріне кіріп жүрген» жағымпаз. Онымен сурет салып «Бірге мықтымыз» деп жазып қойыпты. Қорқыныштан туған жалған сыйластық бұл», - деп жазды Конор.

Араға 5 күн салып Конор тағы сөйледі. Сөйлегенде бүй деді.

«Абдулманап, сенің қандай екенің жүзіңнен-ақ көрініп тұр. Бетперде киіп алып, елге өтірік жалтақтап жүрсің, ортаншы ұлың да сондай. Қорқақ», - деп жазған еді Конор өзінің Instagram-дағы парақшасына. Алайда бұған әкесі: «Менің атымнан бар жауапты ұлым қайтарады», - деп қысқа қайырды. Сарапшылар мұны Конордің жекпе-жек алдындағы айласы деп санады. Өзінің қарсыласының намысына тиіп, ашуын келтіру МакГрегордің әдеті деп есептеді олар.

Ал бұған қатысты Абдулманап «Конор – бізге жау емес» деді байсалды үнмен. Айта кетерлігі Хабиб Нұрмағамедов те, оның әкесі де Конордың талантын мойындап, бағалайтынын айтқан.

Хабиб сұқбаттарының бірінде "Конорды бағалаймын. Ол талантты жігіт. Оның сол қолымен жойқын соққы жасай алады. Алайда мен де осал емеспін. Конор мұны жақсы біледі", деген болатын. 

Ал әкесі «Ол – талантты спортшы, қауіпті. Бірақ Хабиб – одан қауіптірек. Конор мұны біледі. Мен қорықпаймын, ол қорқады, сол үшін дайындалып жүр», - деді тілшілерге берген сұхбатында.

Әр жауабынан баланың тәрбиесін назардан тыс қалдырмайтын әкені байқауға болады. Өзін салмақты, байсалды ұстайтын әке балаларынан да соны бек талап етеді. Ал шалыс кеткен баласын қатаң жазалайды. Жекпе-жектен кейін жанжал шығарған Хабибтің әкесін айтқанда дауысының дірілдеуі, бойын үрей алуының себебі де содан болар. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір