• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:15:04
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2019 Спорт

Хабиб Нұрмағамедов Макгрегор туралы: Ол қызғаншақ әйел сияқты

Наурыз айында Конор Макгрегор ережесіз жекпе-жекте өз карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген

Аралас жекпе-жек спортшысы Хабиб Нұрмағамедов ирландиялық боксшы Конор Макгрегорды қызғаншақ әйелге теңеп, оның өз карьерасын аяқтаймын деген сөзіне сенбейтінін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтының дерегіне сүйеніп.

Айта кетейік, Нұрмағамедов сейсенбі күні Мәскеудегі Плеханов университетінің студенттерімен кездесу өткізген болатын.

Наурыз айында Конор Макгрегор ережесіз жекпе-жекте өз карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген.

«Конор пікірін бірнеше рет өзгертетін адамдардың қатарына жатады. Ертең-ақ қайтадан спортқа оралғанын мәлімдесе, таң қалмаймын. Ол UFC-мен ресми келісімшарт жасамады, солай ол өзін UFC жоғалтқанын көрсеткісі келеді. Бұл UFC-мен келімге келу үшін жасалған саяси қадам. Конормен келісімге келу қиын екенін мен білемін. Ол – қызғаншақ әйел секілді», - деді Нұрмағамедов кездесуде.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір