• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:24:37
Алматы
+35°

 

         «QAZSPORT» телеарнасы   2018 жылдың 7 қазанында Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 229 турнирі аясында ресейлік Хабиб Нұрмағамедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 07:50-де басталады.

         Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 7 сәуірінде Эл Яквинтаға қарсы өткізіп, америкалық қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша жеңген болатын. Сөйтіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды. 

         Ирландиялық Конор Макгрегор 2015-2018 жылдар аралығында қарсылас шақ келтірмей, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы болып келді. Отыз жастағы спортшы 24 жекпе-жек өткізіп, 21-де жеңіске жеткен, 18-ін нокаутпен аяқтаған. Үш жеңілістің екеуіне Конор октагонға жаңа ғана шығып жүрген кезінде ұшырыған. Үшінші рет 2016 жылдың 5 наурызында америкалық Нейт Диастпен өткен кездесуде жеңілген болатын. Бірақ, араға бірнеше ай салып, Макгрегор Диаспен қайта жүздесіп, есесін қайтарды. UFC аясындағы соңғы жекпе-жегін Конор 2016 жылдың 12 қарашасында өткізіп, америкалық Эдди Альваресті техникалық нокаутпен жеңді. Өткен жылы Макгрегор кәсіпқой бокстың ережесі бойынша америкалық Флойд Мейвезермен қолғап түйістірді. Кездесу оныншы раундта тоқтатылып, төрешілер техникалық нокаутпен Мейвезер жеңіске жетті деген шешім қабылдады.

        Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы UFC аясындағы жекпе-жектерді Қазақстан аумағында бір жарым жыл бойы көрсету құқығына ие болды. 2018 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарында UFC-дің 14 жекпе-жек кеші эфирге шығады. Ал, 2019 жылдан бастап 40-тан астам турнирдің көрсетілімі жоспарланған.

         Хабиб Нұрмағамедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекті 7 қазан күні 07:50-де «QAZSPORT» телеарнасынан және «QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы арқылы да көре аласыздар!

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір