• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:27:57
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2019 Әлем

Хабиб әйеліне тіл тигізген Конорға жауап қайтарды

МакГрегор тек Нурмагомедовтың әйелін ғана қорлап қоймай жарты миллиард мұсылманға тіл тигізді.

Ресейлік спортшы Хабиб Нұрмағамедов Twitter желісінде әйеліне тіл тигізген Конор МакГрегорға жауап қайтарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше ирландиялық спортшы Twitter парақшасында Хабибтың әйелімен бірге түскен тойдағы суретін қойып "Сенің әйелің сүлгі секілді, достым" деп жазған болатын. Кейін МакГрегор бұл жазбаны өшірген.

Аталмыш жазбадан кейін Ресей спортшысы да қарап  қалмай, өз жауабын қайтарды. "Сен жәбірлеушісің. Сен өз әрекетіне жауап бере алмайтын екіжүздісің. Әділдік орнайды әлі-ақ" - деп жазған Нурмагомедов Twitter парақшасында.

Ресейлік спортшының менеджері Али Абдель-Азиздың сөзінше, МакГрегор тек Нурмагомедовтың әйелін ғана қорлап қоймай жарты миллиард мұсылманға тіл тигізді. 

БАҚ мәліметінше, ирландиялық спортшыға зорлық жасады деп айып тағылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, спортшыдан ирландиялық полиция қызметкерлері жауап алып, кейін босатылғаны хабарланды. 
Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір