• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:25:44
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2016 NEWS

Университетте Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Қазақстан тарихы кабинеті ашылды

Бүгін Алматы университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Қазақстан тарихы дәрісханасын ашу салтанаты мен...

Бүгін Алматы университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Қазақстан тарихы дәрісханасын ашу салтанаты мен «Қазақ тарихы және Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Өткен жылы университеттің Ғылыми кеңесі аталмыш дәрісхананы ашу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Шешім бойынша дәрісхананың ашылу мақсаты:
"Жас ұрпақ бойында Қазақ елінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының түп қазығы – ұлттық мемлекеттілік екенін ғылыми түрде негіздейтін тарихи сана қалыптастыру".

Міндеттері: 
- "Қазақ мемлекеттілігінің екі мың жылдан аса тарихы бар екенін және осы тарихи кезеңде біздің жерімізде болған барлық тарихи процесстер барысында Қазақ хандығының құрылғанын түсіндіру;

- Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; 

- Бахадүр бабаларымыздың ұлы мұраты – еркіндігін сақтаған тәуелсіз мемлекет құру болғанын ұғындыра отырып, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның болашағы – бірлік пен ынтымақта, ұлтаралық келісім мен татулықта екенін насихаттау;
Ұлтымыз үшін ең үлкен құндылық – тәуелсіз Қазақстан екенін жас ұрпақ санасына сіңіру" болатын.

Салтанатты шараға Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы қоғамдық қордың төрағасы, тарихшы, дулатитанушы баспагер-ғалым Мұхтар Қазыбек мырза келіп қатысып, университет ұжымы мен студенттеріне «Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі: тарихы және тағылымы» атты тақырыпта тұщымды баяндамасын жасап, студенттердің сұрақтарына жауап қайтарды. 
Қазақ хандығының құрылуы туралы нақты тарихи дерек беретін жалғыз ғана әдеби-мемуарлық жанрдағы "Тарих-и Рашиди" атты еңбектің қазақ тарихында алатын орны зор. Ал оны жазған ғұлама ғалым, ортасырлық ірі ойшыл, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати мырзаның атында дәрісхана ашу - жас ұрпақты тәрбиелеу мен оларда тарихи сана қалыптастыру жолындағы игі іс деп ойлаймыз.

Сәбит ШІЛДЕБАЙ
Алматы университетінің ректоры,
 тарих ғылымдарының кандидаты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір