• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:10:59
Алматы
+35°

08 Қараша, 2018 Саясат

Украиндық шенділердің Путинге хаты: «Сен тіпті христиандардың шошқаcын бағуға жарамайсың!»

Cен, президент, мәскеулік шайтан, қарғысқа ұшыраған шайтанның досы-бауыры, Люцифердің хатшысы!

Ресейдің санкциялық тізіміне енген Украинаның Жоғары Рада депутаттары президент Владимир Путинге хат жазыпты. Репиннің «Запорожцы» картинасының кейіпкерлері сияқты фотоға түсіп, олар әлеуметтік желіні елең еткізді.

ЗапорожцыУкраиналық депутат Алексей Гончаренко өзінің фейсбук парақшасында хатты жариялады.

Запорожцы

Запорожцы

Хаттың жазылу стилі запорождік казактардың XVII ғасырда IV Мехмедтің "тізе бүгіңдер" дегеніне орай бағыттап жазылған хаттың жазылу стиліне сай келеді. «Сен, сұлтан, түрік шайтанысың» дегеннің орнына «Сен, президент, мәскеулік шайтансың» деген сөз тіркесінен басталады.

10 депутат қол қойған хатты украиншадан қазақшаға аударып, Қамшы.кз оқырман назарына ұсынады:

«Украиндық депутаттар Путинге! Cен, президент, мәскеулік шайтан, қарғысқа ұшыраған шайтанның досы-бауыры, Люцифердің хатшысы!  Кім айтты, сені сері деп, артыңмен кірпіні өлтіре алмасаң! Украин ұлдарын басып-жаншып, намысын өлтіре алмайсың, иттің баласы! Әскеріңнен еш қорықпаймыз! Келе ғой, жер мен судың күшімен соғысуға дайынбыз!
Осылайша украин халқы сен сияқты бейшараға тіл қатты. Сен тіпті христиандардың шошқасын бағуға жарамайсың!

Хатымыз тәмам болсын. Күн де, айды да, жылды да білеміз. Күніміз сендердікіндей, сондықтан құйрығымыздан сүйіп қой!».

«Біздің ата-бабамыз жаулармен халықаралық деңгейде қалайша келіссөз жүргізуді білген»,-деп алғысөз жазған Алексей Гончаренконың пікірімен 771 адам келісіп, лайк басты, яғни жазбасын ұнатты. Фейсбукте 426 адам бөліскен аталмыш жазба желіні әлі-ақ шулататынына шүбә жоқ. Тек мәселе онда емес. Күні кеше бірнеше облысында орыс тілінің қолданылуына тыйым салған Украинаның рухының өшпегеніне көз жеткізе аламыз.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей билігі 1 қараша күні Украинаға қатысты  санкция жариялаған болатын. Тізімде 68 украиндық компания мен 322 азамат (олардың қатарында президенттің үлкен ұлы Алексей Порошенко, Украинаның бас әскери прокуроры Анатолий Матиос, Мемштабтың басшысы Виктор Муженко, Жоғары раданың спикері Андрей Парубий, миллиардерлер Константин Григоришин, Виктор Пинчук, Украинаның қауіпсіздік қызметінің төрағасы Василий Грицак және басқалар) бар. Киевтегілер "аталмыш санкциядан еш зиян шекпейміз, бізге бұл шыбын шаққан құрлы әсер етті" деп отыр.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір