• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:34:26
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2018 Саясат

Украина Ресеймен достық туралы келісімнің күшін жойды

Украина Ресеймен арада қол қойылған ондаған келісімді бұзды

Енді олар дос, жолдас және бауыр емес. 2014 жылдан бері екі ел арасындағы шиеленіскен жағдай қазір шырқау биігіне жетіп тұр. Керчь бұғазындағы ұсталған үш кемеден соң екі ел арасындағы қарым-қатынас тіпті күрделене түсті.

Мұның айғағы ретінде кеше ел президенті Петр Порошенко Украинаның Жоғары Радасына Ресеймен ынтымақтастық пен достық туралы келісімді жою жөнінде жаңа  жобасын ұсынды. Бұл туралы Президенттің парламенттегі ресми өкілі Ирина Луценко мәлім етті.Журналистерге берген сұхбатында Ирина Луценко «мұны парламент сөзсіз қабылдауы тиіс» хабарлады.

Расында да Керчь бұғазындағы оқиғадан кейін Украина Ресеймен арада қол қойылған ондаған келісімді бұзды, енді оның заңдық күші жоқ.

Тарихқа жүгінер болсақ, Ресей мен Укриана арасында 1997 жылы достық, ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге қол қойылғаны белгілі. Енді міне келісімді бұзуға ешкім де кедергі емес. Оны біржақты жоя беруге де болады. Ең басты кілтипан мынада: 2014 жылдан бастап Майдан алаңында болған мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде билікке АҚШ пен Батыс тарапы қолдаған оппозициялық топ келді. Сосын...

Ресей жағы Қырым Республикасын аннекциялады, Донецк мен Луганск аймағына әскер кіргізді. «Норманд төрттігі»  Минскіде бірнеше кездесу өткізіп, жағдайды реттеуге тырысқанымен, әлі қарым-қатынас күрделі күйінде қалып отыр.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір