• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:20:44
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Әлеумет

Украина ресейлік партияларға қарсы санкция енгізді

21 маусымда шыққан тиісті жарлыққа Украина президенті Петр Порошенко қол қойды.

Украина Ресейдің бірнеше саяси партиясы мен қоғамдық қозғалысына, Орталық сайлау комиссиясына, бұған қоса Ресейдің президентке жақын кәсіпкерлеріне қарсы санкция салды. 21 маусымда шыққан тиісті жарлыққа Украина президенті Петр Порошенко қол қойды.

Активтерді бұғаттау мен жеке тұлғалардың елге кіруіне тыйым салынғаны жайлы құжат тізіміне «Бірлескен Ресей», Ресейдің либералдық-демократиялық партиясы, РФ-ның коммунистік партиясы, «Отан», «Ресей патриоттары», «Аграрлық партия» және «Ресейдің демократиялық партиясы» кірді.

Бұған қоса Орталық сайлау комитетінің басшысы Элла Памфилова мен орынбасары Николай Булаев қара тізімнен көрінді. Сонымен қатар бірнеше қоғамдық қозғалыс ұйымдары да бар.

Украина Ресейге қарсы санкцияларды 2004 жылдан бастап енгізе бастаған. Ресейлік БАҚ, мемлекеттік компаниялар, саясаткерлер, кәсіпкерлер және қоғам қайраткерлеріне қарсы салынған алғашқы санкциялар Қырым аннексиясына байланысты болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір