• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:06:41
Алматы
+35°

26 Қазан, 2017 NEWS

Украина депутаты Мосийчукке қастандық жасағандар анықталды

Украинаның Радикалды партиясының депутаты Игорь Мосийчук өзіне қастандық жасауға тапсырыс беруі мүмкін күдіктілерді атады,

Украинаның Радикалды партиясының депутаты Игорь Мосийчук өзіне қастандық жасауға тапсырыс беруі мүмкін күдіктілерді атады,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 «Тапсырыс берушілер Мәскеуде отыр, ал орындаушылар киевтіктер»,- деп жазды ол өзінің Facebook парақшасына. Мосийчукке жасалған бұл қастандық алғаш рет осы санаттағы саясаткерге қарсы бағытталып отыр. Ол бұрындары «Беркутте» қызмет еткен оққағары арқасында ғана тірі қалғанын айтты.

«2013 жылы менің оққағарым бөгеттің арғы жағында тұрды, ал кеше ол ұлтшыл мені қорғаймын деп қаза тапты»,- деді депутат.

Мосийчуктың баспасөз қызметі оған жасалған отаның сәтті өткендігін хабарлады. Оның «жағдайы орташа» деді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, Мосийчукке кеше (25 қазан) кешкісін «Еспресо» телеканалы маңында тұрған кезінде шабуыл жасалған еді. Нәтижесінде, бір адам көз жұмып, төртеуі зардап шеккен. Бұл оқиға теракт ретінде тіркелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір