14 Мамыр, 2019 Әлем
Украина әскері Донбассты бір күнде басып алмақ
Украина әскері Донбассты басып алуы үшін бір күннен аз уақыт кетеді деді
Украина әскері Донбассты басып алуы үшін бір күннен аз уақыт кетеді деді «1+1» телеарнасының эфирінде Украинаның бірлескен күштерінің бұрынғы командирі Сергей Наев. Бұл туралы news.rambler.ru сайтында жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, әскери сценарийде ең бастысы – Украина шекарасына жетіп, сол жерде шоғырлану үшін өте жылдам әрекет ету.
Сонымен қатар Сергей Наев, «босатылған аумақтарда» Ұлттық гвардия мен Ұлттық полиция арнайы іс-шараларды бастауы керек деп атап өтті.
Бұған дейін Новороссия парламентінің экс-спикері Олег Царьев НСН телеарнасының эфирінде, Украинаның Донбассты қайтару туралы мәлімдемесіне не себепті мән бермеу керек екені туралы түсіндірген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстар 2014 жылдың көктемінде басталған. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, бұл қақтығыста 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын жазықсыз құрбан болған.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір