• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:07:43
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2017 Саясат

Украина 9-шы мамырды мерекелік күндер қатарынан алып тастады

Украинаның жаға заңына сәйкес 9-шы мамыр жұмыс күні болады. Ал 8-ші наурыз еңбек күніне ауыстырылды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі

Украинаның жаға заңына сәйкес 9-шы мамыр жұмыс күні болады. Ал 8-ші наурыз еңбек күніне ауыстырылды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Қоғамдық талқылаудан кейін заңға өзгертулер енгізіліп, Жоғары радаға жолданды.

Украина билігі мұны советтік қалдықтан толықтай құтылу үшін жасап жатқанын айтады. Мәселен вице-премьер Вячеслав Кириленко ғарышкерлер  күнін 19-шы қарашаға ауыстыруды ұсынды.

«Біз өз дүниетанымымызды украиндықтардың украиндар үшін жасаған әрекетіне қарай бағыттауымыз керек» деді ол.

Дәл сол күні Украина билігі КСРО кезіндегі барлық құқықтық актілерді жоюды ұсынды.

2015 жылы Украина советтік қалдықтардан құтылу үшін заң қабылдады. Ол бойынша КСРО-ның белгісін қолдануға тыйым салынды. Барлық советтік және партия адамдарының ескеркіштері құлатылды. 2016 жылы қазан айында  Украинадағы Ленниннің соңғы ескерткіші құлатылды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір