• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:03:02
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 NEWS

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

Опция қазірдің өзінде мобильді қосымшаның бета-нұсқаларында қолжетімді.

WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында қоңырау соғу режимін ауыстыру функциясы іске қосылды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.  

Басылымның мәліметінше, жаңа опция қолданушыларға сөйлесіп жатқан кезде аудиоқоңырауды үзбей, әп-сәтте видеобайланысқа қосылуға мүмкіндік береді. Бір режимнен екіншісіне өту үшін камера бейнесі бар батырманы басу қажет, содан кейін экранға видеоны қосуды ұсынатын хабарлама шығады.  

Жаңа функция Android базасында WhatsApp-тың 2.18.4 бета-нұсқаларында қазірдің өзінде қолжетімді екені хабарланды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір