• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:37:14
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2017 Саясат

«Уақытша тіркеуге» қарсылық білдіріп, петиция жариялаған сайт ашылмай қалды

Қазақстанда билікті азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркелуге міндеттейтін заң талабын жоюға шақырған петиция жарияланған Avaaz.org сайтына кіру шектелді...

Қазақстанда билікті азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркелуге міндеттейтін заң талабын жоюға шақырған петиция жарияланған Avaaz.org сайтына кіру шектелді. Сайтта жарияланған петиция авторлары азаматтарды бір айдан астам уақытқа сапар шегіп барған жерінде 10 күн мерзім ішінде уақытша тіркеуге тұруды міндеттейтін заң талабын жоюға шақырады, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

"Біз заңның аталған нормасы азаматтардың жүріп-тұру еркіндігін кәдімгідей шектейді деп санаймыз" делінген петицияда. Петиция авторларының пікірінше, тіркеуге міндеттеу Қазақстан мақұлдаған БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіні бұзады.

Avaaz.org сайтының қазақстандық қолданушыларға арналған петиция бар парақшасының ашылмай қалғаны туралы 8 қаңтар күні кешке хабарлана бастаған. Ал бүгін Қазақстанда secure.avaaz.org сайтына қазақстандық барлық тұтынушы кіре алмай отыр. Петицияға қол қойғандар саны жеті жарым мыңнан асады.

Қаңтардың басында Қазақстанда азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеу туралы көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер күшіне енген. Енді тұрғылықты жерінен тысқары жаққа бір айдан асатын мерзімге барған әр қазақстандық мемлекеттік баж салығы ретінде 227 теңге төлеп әрі халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы тиіс. Бұл талап қонақүйде тұрып, өзге қалада жұмыс істейтін адамдарға да, өзге қаладағы ауруханада жатып ұзақ емделетін адамдарға да қатысты. Алғашқыларын қонақүй орналасқан мекенжай, ал екіншілерін емделетін орны бойынша тіркейді. Бұл талапты орындамағандарға жеті АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады.

Қазақстанда билікке жақпайтын сайттардың бұғаулану немесе жабылу оқиғасы бұған дейін де болған. Аvaaz.org Қазақстанда тамызда сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетуін талап еткен петиция жарияланған соң ашылмай қалған еді. 2014 жылы теңге девальвацияланған 11 сәуірде avaaz.org сайтында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа импичент жариялаум туралы петиция басылған соң да қазақстандық қолданушылар сайтқа кіре алмаған. Бірақ кейін сайт қайта ашылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір