• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:42:36
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2017 Әлеумет

«Уақытша тіркеу» мазаққа айналды

Қоғамдық наразылық тудырып отырған мәселелердің бірі - жаңадан қабылданған уақытша тіркеуге қатысты заң. Қазақстанда тұратын әрбір тұрғын 2017 жылдан бастап...

Қоғамдық наразылық тудырып отырған мәселелердің бірі - жаңадан қабылданған уақытша тіркеуге қатысты заң. Қазақстанда тұратын әрбір тұрғын 2017 жылдан бастап барған жерлерінде тіркеуге тұруға тиісті. Бұл заңның қабылдануының салдарынан ХҚКО-ның табалдырығын тоздырып жүрген жұрттың қарасы көбейіп кетті. Халықтың ендігі бас ауруы уақытша тіркеу болмақ. 

Уақытша тіркеу мәселесі әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп, наразылық білдіргендер өте көп болды. Тіпті, петиция жариялаған сайт ашылып, бір тәуліктен соң істемей қалды. Жұртшылық ендігі кезекте уақытша тіркеуге қатысты карикатура жариялап, мазаққа айналдыруға көшкен. 

 

Әзіл-кекесін түрінде шығарған картиналармен қатар адамдар сарказм түрінде де түрлі жазбалар жазып, бұл істің халыққа еш пайдасы жоқ, бос әурешілік екенін айтуда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір