• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:57:06
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2018 NEWS

Уақытша сақтау қоймаларының қызметіндегі мәселелер

Жекеменшік бизнес өзінің заңдық құқығын таптатпас үшін аймақтық атқарушы органдардан, жемқорлыққа қарсы мекемелерден көмек сұрайды.

-Мемлекеттік және уақытша сақтау қоймалары. Оларды белгілеу, жабдықтау, орналастыру, қылмыстық әрі әкімшілік іс жүргізудегі нақты дәлелдемелері сақтауға негізделген жұмыс принциптері.

Республикамыздың тәжірибесінде жеке заңды тұлға сынды мемлекеттік қойма деген түсінік қалыптаспаған. Ондай қоймалар бар және ірі мемлекеттік құрылымдарға (мемлекеттік корпорациялар, мемлекеттік өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік органдар, сонымен қатар құқық қорғау органдары) сәйкес жұмыс істеп тұр. Уәкілетті органдар жеке деректерді сақтай алмайды, себебі мұның бәрі регламенттегі мақсатқа және қоймалардың тапсырмаларына сәйкес жүзеге асады.

Ал уақытша сақтау қоймаларындағы жағдай мүлдем басқаша. Олардың барлығы дерлік жеке субъектіге тән әрі елдің кеден заңнамасы негізінде жұмыс істейді. Халық тұтынатын тауарларды уақытша сақтау қоймаларына жеткізу барысында контрабандалық жолмен ұсталған қылмыстар жиі орын алып тұрады. Контрабандалық әрекет белгілі болған жағдайда тауардың ары қарай өтуіне тыйым салынып, сот шешімі шыққанша ұсталған жерінде қалып қояды. Нәтижесінде уақытша сақтау қоймасы үлкен шығынға ұшырайды.

-Қойма логистикасының жеке компанияларының қызметіне келгенде уәкілетті мемлекеттік органдар неге осындай талап қояды?

Өзіміз көріп отырғандай, басты себеп – қазіргі сәтте тәркіленген мүлік пен тіркеуден өтпеген арестке қойылған жүкті  сақтауға және  жіберуге болады. Өз кезегінде, сақталған жүкті орналастыруға қатысты қылмыстық әрекеттер, дұрысын айтқанда ұрлық – мұның негізгі себептерінің бірі. Уақытша сақтау қоймалары маңайындағы контрабандалық жүктерді табудың ұзақ мерзімімен және қылмыспен негізделеді.

Бұдан өзге, мемлекеттік органдарға арестке қойылған жүкті сақтау үшін жекеменшік уақытша қоймалардың ауласын пайдаланған тиімді. Себебі жүкті сақтауға, көшіруге, жүкті орналастыруға арналған ғимараттың ақысын төлемеу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Мәселен, «САПА Кеден» уақытша сақтау қоймасының аймағында ұзақ уақыттан бері 20-ға жуық заңды тұлғаның арестке қойылған жүктері бар. Жүк қоймаларда, аулада, контейнерлер мен автофургондарда сақталған. «САПА Кеден» уақытша сақтау тауарының алдындағы мемлекеттік органдардың қарызының мөлшері 600 миллион теңгеден жоғары.

Жеке меншік бизнестің субъектісі ретінде уақытша сақтау қоймасы сот арқылы шығынды өндіріп алуына тура келеді. Осылайша өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғай алады, бұдан басқа амалы да жоқ.  Контрабандалық тауарларды уақытша сақтау қоймаларында ұстай тұруға бастамашы болған уәкілетті мемлекеттік органдар қойма иелерінің қызметіне ақша төлемей көз қырларын да салмайды, керісінше сотқа дейінгі өндіріс ісін тудыруға бар күштерін салады. Нәтижесінде парадоксальді жағдай туындайды. Қысқасы қойма иелері мемлекеттік органдардың реакциясына алаңдап, өз құқығын талап етуден бас тартып жатады. Экономикалық зерттеулер қызметінің өзі ХТТ-ны уақытша сақтау қоймасына құқықтық нормаларды бұза отырып, заңсыз әрекеттердің туындауына себепкер болды.

- Жекеменшік уақытша сақтау қоймаларын мемлекеттік органдардың заң талабына сәйкес арестке қойған жүктерді сақтау, жүзеге асыру бойынша жұмыстарды атқаруға міндеттей ала ма? Халық тұтынатын тауарларды (ары қарай – ХТТ) процессуалдық мерзімге сай қоймадан шығару, ары қарай мемлекеттік кіріске ендіріп, жүзеге асыру, қойманың қызметіне төленетін қаржыны төлеу тәртібі сияқты мәселелерге де мемлекет араласады ғой?

- Иә, толыққанды құқылы. Жоғарыда айтылған барлық процедуралар заңның бірнеше нормаларында айтылған. 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай жекеменшік бизнес субъектілері ақысыз негізде қызмет көрсетуі бойынша норма бекітілген. Нормада ешқандай ауытқу жоқ. Айтпағымыз, мемлекеттік органдар уақытша сақтау қоймаларына келтірген шығындарды өтеп беруге міндетті.

Жекеменшік бизнестің ақысыз негізде қызмет көрсете алатынын білгендіктен құқық қорғау органдары заң талабына сәйкес жұмыс жүргізіп отырған жоқ. Бұл – басты бас ауруымыз. Осы бойынша жүргізілген сот істерінің тәжірибесі көңілге қонымсыз. Аймақтық соттар осындай шағымдарды қабылдағанда даусыз шешім шығаруға барын салады. Кейде сот мемлекеттік органды жауапқа тартылуы тиіс жауапкер ретінде танымай, шағымдарды аресттегі ХТТ иелеріне жібереді. Сөйтіп жүргенде шағымдар елеусіз қалып, заңдық шешімін таппайды. 

Жекеменшік бизнес өзінің заңдық құқығын таптатпас үшін аймақтық атқарушы органдардан, жемқорлыққа қарсы мекемелерден көмек сұрайды.  Алайда бұл тәжірибе үмітті ақтар емес. Мысалы, «САПА Кеден» уақытша сақтау қоймасының басшылығы 20 рет әртүрлі органдарға жолығып, мәселе көтерген болатын. Дегенмен заңи тұрғыда оң нәтижеге қол жеткізген жоқ.  Экономикалық қылмыспен күрес абыройлы жұмыс болып саналады. Ал, жекеменшік бизнестің құқын қорғау абыройсыз. Заңдық құқығының қорғалуын талап еткен уақытша сақтау қоймаларының иелерін барлығы дерлік түсіністік танытып, үнсіз қалуға шақырады. Алайда ол органдардың бюджетінде қылмыстық, әкімшілік өндірістегі шығындарды өтеуге арналған шығыс бабы бар. Демек бұл қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады. Уақытша сақтау қоймаларының иелері қадалған жерден қан алғысы келіп, мемлекеттік органдардан заңға сәйкес жұмыс жасауын талап етсе болды, олар өз кезегінде шағымданушы тараптың тырнағының астынан кір іздеп, жаман ой-пікір қалыптастыруға тырысады.

Аталмыш публикацияның мақсаты – жоғарыда айтылған мәселелерге жекеменшік бизнестің республикадағы дамуына серпін беретін мемлекеттік органдардың басшылық тарапының, атқарушы билік органдарының назарын аударту болатын. Жекеменшік бизнес субъектілерінің құқығы қорғалуын заңның өзі талап етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір