• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:15:58
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Әдебиет

«Уақытым жоқ, ренжімеші, бауырым,  Хәл сұрауға, сырласуға өзіңмен...»

Бір құрсаққа сыйса-дағы бауырлар,  Бір құшаққа сыймайды екен, жалған-ай...

Байыбына бармай кейбір істердің, 
Асығыстау қабылдаймыз шешімді. 
Түймедейге ренжиміз де жүреміз, 
Ала алмай әркімнен бір өшіңді. 
.
«Уақытым жоқ, ренжімеші, бауырым, 
Хәл сұрауға, сырласуға өзіңмен...» 
Өмір сырғып барады ағып, қайтейін, 
Сыр кетеді екен бәрібір төзімнен... 
.
Іздемей де, алаңдамай ешкімге, 
Тірісінде білмеген соң қадірін. 
Көз жасыңа отырасың малынып, 
Кеткеннен соң құшақтап ап қабірін. 
.
Сен де айтасың: "менде жоқ - деп, - түк уақыт",
Мен де айтамын: "менде жоқ- деп, - түк уақыт". 
Күнде көріп жүрмесек те, бауырдың,
Амандығын білу-дағы - бір бақыт... 
.
Бір құрсаққа сыйса-дағы бауырлар, 
Бір құшаққа сыймайды екен, жалған-ай... 
Бес тас сынды бес белеске лақтырып, 
Тастайды екен өмір құрығыр... 
...арман-ай... 
.
Мақпал Сембай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір