• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:08:13
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Әлеумет

«Уақып» қоры православиелік шіркеуді қалпына келтіруге атсалысады

Кездесу Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және «Уақып» қорының бастамасымен өтті.

Қазақстандық Митрополиттік аймақтың әкімшілік және рухани-мәдени митрополит Иосиф (Чернов) атындағы орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен «Уақып» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбайдың кездесуі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және «Уақып» қорының бастамасымен өтті.

Кездесудің басты тақырыбы - биылғы жылдың 7 ақпанында өртеніп кетекен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында орналасқан Архистратига Божия Михаила православ шіркеуін қалпына келтіру жұмыстарына «Уақып» қорының қатысуы болды.

Қайрат Айтбай Митрополит аймағының басшысына, Михаил-Архангельск шіркеуінің келушілеріне, ғибадатхананың өртеніп кетуіне байланысты өз өкінішін білдірді.

Уақып қоры

Сондай-ақ, қор президенті Митрополит Александрге Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы 1 шілдеде құрылған «Уақып» қайырымдылық қорының мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Оның айтуынша, бұл қор коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы болып табылады. Оның қызметі әлеуметтік жобаларды, білім беру және ағарту жұмыстарын қаржыландыруға, сондай-ақ діни қызметкерлердің тиімділігін арттыруға және ғибадатханалардың жұмыс жасауына қолдау көрсетуге бағытталған. Қор діни радикализмнің алдын алу, азаматтардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту жұмыстары үшін көмек көрсететіндігі және әлеуметтік аз қамтылғандарға, жұмыссыздарға, мүгедектерге көмек көрсетумен айналысатындығы айтылды.

Өз кезегінде Митрополит Александр Қазақстандағы әлеуметтік және қайырымдылық қызметтерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, конфессиялардың басшыларын, бизнес және ғылым басшыларын елдің рухани адамгершілік және зияткерлік дамуына шоғырландыруға мүмкіндік беретін осындай қайырымдылық қорының пайда болуының өзектілігін және маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Митрополит округінің басшысы Қайрат Айтбайға Қазақстан православиелік шіркеуінің қызметі, білім беру және әлеуметтік қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруы, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және еліміздің дәстүрлі конфессияларының басшыларымен, ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен өзара іс-қимылы туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, тараптар Қазақстан Митрополит округы мен «Уақып» қорының ынтымақтастығы және өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін талқылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір