• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:48:18
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 NEWS

Вице-министр: Менің бұрынғы басшымның қолынан бәрі келеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұрынғы басшысының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікірін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұрынғы басшысының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Менің бұрынғы басшым алдына қойылған кез келген міндетті орындай алады. Ол өте білікті, кәсібилігі жоғары адам. Оның қолынан бәрі келгенін қалаймын. Меніңше, енді еңбек министрлігіне жәрдемақыны арттыру, тағы басқа мәселелерде өз позициясын дәлелдеу жеңілірек болады", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.

Айта кетсек, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова үкімет қаулысымен ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол еңбек министрлігінің тізгінін бір жыл ұстады. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарады.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір