Вице-министр Мәжіліс төрағасы Нығматулиннен сөз естіді

Вице-министр Мәжіліс төрағасы Нығматулиннен сөз естіді
Ⓒqamshy.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәдениет және спорт министрлігіне "таза" спорт үшін күрес мәселесінде бос сөзді доғарып, нақты іске көшуді тапсырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Спорттағы допинг мәселесі

Cұрақ-жауап барысында депутат Зәуреш Аманжолова мәдениет және спорт министрлігінің өкілі мен заң жобасы бойынша баяндама жасаған әділет министрі Марат Бекетаевқа сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, бүгінде бүкіл әлем спорттағы допинг, жарыстың тыйым салынған түрлері, алдын ала келісілген матчтармен күресуде.

"Жақында парламент үкімет енгізген дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасын қарады. Бұл құжат "таза" спорт пен "таза" жеңіске жол ашады. Онда спортшылардың, бапкерлер мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігін күшейтетін түзетулер қарастырылған. Алайда біз бүгін қарап жатқан заң жобасында спортшылар және жарыс ұйымдастырушыларын ақшаға сатып алғаны үшін салынатын айыппұл сомасын 200-ден 100 АЕК-ке дейін төмендету қарастырылып отыр және осы заң бұзушылық үшін әкімшілік қамауға алуды алып тастау көзделген", - деді Аманжолова.

Бұған қоса, депутаттың айтуынша, заң жобасы заңсыз сыйақы берген адамның жазасын жеңілдетуді көздейді.

"Осыған байланысты, менде мынадай сұрақ: Кодекстің 174-бабының қазіргі редакциясын сақтау қажет деп ойламайсыздар ма?", - деді ол.

Әділет министрі Марат Бекетаев бұл түзетудің асығыстықпен жасалғанын айтты. Министр депутаттың аталған редакцияны сақтау керек деген ұсынысымен келісті.

Бұл түзетуді мәдениет және спорт министрлігі енгізген екен.

Спорт вице-министрінің пікірі

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов кезінде спорт федерациясын басқарған адам ретінде спорттағы допинг проблемасымен жақсы таныс екенін атап өтті.

"Әрине, біз қолданыстағы Кодекстің нормасының сақталғанын қолдаймыз. Мен өз тарапымнан айтарым: біз министрлікте бұл мәселені талқылап, бұл түзетуді кім енгізгенін анықтап, жауапқа тартамыз. Осы орайда осындай олқылықты тапқан депутаттарға алғыс айтқым келеді. Біз жанкүйерлер алдында бетіміз қызарып, ұялмайтын боламыз. Бұл норманы, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдатуға болады", - деді вице-министр.

Нығматулин вице-минстрге неге шүйлікті?

Пікірін аяқасты өзгерткен вице-министр Нығматулинге жақпай қалды. Мәжіліс төрағасы, тіпті, мәдениет және спорт министрлігінің жазаны күшейту туралы өзгерісті жұмыс тобына қашан енгізгенін де айтып берді.

"Мына хат, жұмыс тобына кеше ғана түскен. Онда сіздің министрлік жауапкершілікті қамауға алу түріндегі жазаға дейін күшейтуді көрсеткен. Осы залда мәдениет және спорт министрлігінің спорт туралы заң жобасын талқылағанымызға бір ай да болған жоқ. Мен сол кезде бос сөзден нақты іске көшу керектігін айтқан едім. Алайда, өкінішке қарай, еш өзгеріс жоқ. Бір ай бұрын қатаңдату керек десеңіздер, енді келіп, жазаны жеңілдетуді сұрап отырсыздар. "Таза" спорт үшін күрескендеріңіздің түрі осы ма? Бетіміз қызарып, ұялмайтын боламыз дейсіз. Дәл қазір осындай шала жұмыс үшін ұялуыңыз керек", - деді спикер.

Вице-министр Нығматулинің айтқандарымен сөзсіз келісті.

"Бос сөзді қойып, іске көшіңдер", - деп тапсырды Нығматулин.

Ұсынған: Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Қырғыздардың сүйіктісіне айналған қазақ көкпаршысы (видео)
    19/05 18:21 0 46
    2
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    19/05 18:11 0 77
    3
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    19/05 17:50 0 52
    Ғажап! Мешіт күмбезін көтеруге көмектескен көгершін(видео)
    19/05 16:36 0 259
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    19/05 14:01 0 626

    Таныстырылғандар

    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді
    "Атын шығару үшін жер өртеуге" дейін баратын теріс пиғылы жұртшылықтың орынды ашу-ызасын туғызды
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 17:53 0 447
    Ақтауда әйел көйлегін киген ер адамды полиция құрықтады (видео)
    Ақтауда әйел көйлегін киген ер адамды полиция құрықтады (видео)
    Ақтауда әйел көйлегін киген ер адамды полиция құрықтады (видео)
    Куәгерлердің айтуы бойынша, желіде танымал болған көйлектегі азамат бірнеше рет әуесқойлар камерасының нысанасына іліккен.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 04:09 0 1235
    Күн қайта жылынады: Синоптиктер 16-18 мамырға болжам жасады
    Күн қайта жылынады: Синоптиктер 16-18 мамырға болжам жасады
    Күн қайта жылынады: Синоптиктер 16-18 мамырға болжам жасады
    Алдағы үш тәулікте Батыс Сібірден Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына ығысқан суық антициклон әсер етеді...
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 10:17 0 645
    Тікұшақ өзенге құлады (видео)
    Тікұшақ өзенге құлады (видео)
    Тікұшақ өзенге құлады (видео)
    Журналисттің парақшасына салған видеода тікұшақтың су бетінде айналып тұрып, өзенге құлап кеткені анық көрінеді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:49 0 315
    Трамп: Жедел түрде өлім жазасына кесілуі керек!
    Трамп: Жедел түрде өлім жазасына кесілуі керек!
    Трамп: Жедел түрде өлім жазасына кесілуі керек!
    Сот процессі әділ әрі, жылдам өтуі қажет
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 13:25 0 1299
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Президенттік өкілеттілінің аяқталмағанын айтып, әрі қарай жұмыс істей беруге болатынында жасырмады.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 15:02 0 1006
    Алматы маңында өртке оранған қоқыс полигонының ұшақтан түсірілген видеосы пайда болды (видео)
    Алматы маңында өртке оранған қоқыс полигонының ұшақтан түсірілген видеосы пайда болды (видео)
    Алматы маңында өртке оранған қоқыс полигонының ұшақтан түсірілген видеосы пайда болды (видео)
    Куәгер: Өртті ұшақ терезесінен Айтей ауылының тұсынан байқап, видеоға түсіріп алдым. Өте қатты түтеп жатты
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 15:48 0 634
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Әуежайға әуе кемесін қондырар алдында қызметкерлер шұғыл түрде жұмыс жасаған.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 02:34 0 1538
    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    ҰҚК мәлімдеуі бойынша, "БАҚ туралы заңның" талаптарына сәйкес, мекеме сотқа дейінгі жасалатын амалдар туралы мәлімет бермеуге құқылы-мыс.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 09:43 1 631
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:42 0 1114
    Несиесі көп президент кім?
    Несиесі көп президент кім?
    Несиесі көп президент кім?
    14 несиесі бар президент, соның үшеуі 50 миллион доллардан асып түседі.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:48 0 674
    Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада Комитетінің Комиссия мүшесі болып тағайындалды
    Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада Комитетінің Комиссия мүшесі болып тағайындалды
    Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада Комитетінің Комиссия мүшесі болып тағайындалды
    Комиссия құрамына ХОК Атқарушы комитетінің мүшелері, ҰОК басшылары, халықаралық федерациялар мен спорттық ұйым жетекшілері кіреді...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 13:55 1 233
    Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинге үкім шықты
    Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинге үкім шықты
    Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинге үкім шықты
    6 ақпанда № 2 Медеу аудандық сотына Мусинге қатысты іс қозғалады. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына прокурорларға 25 мың доллар пара берді...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 17:23 0 348
    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    Жазықсыз түрмеге жабылған ғалым ол кезде 50 жаста болған.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 23:51 0 226
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    Белгісіз ер адам актердің арқасынан екі аяқпен тепкен
    19/05/2019 18:11 0 80