• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:34:54
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2016 NEWS

ВИЧ – инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 4,4 есеге өскен

Қазақстанда ВИЧ – инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 4,4 есеге өскен, -деп хабарлайды

Қазақстанда ВИЧ – инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 4,4 есеге өскен, -деп хабарлайды Qamshy.kz  365info.kz -ке сілтеме жасап. 

Республикалық СПИД-пен күрес және профилактика орталығының бұл адам шошырлық мәліметі көп жерде жарияланбаған.  

2016 жылдың 6 айында республика бойынша медициналық мекемелердің 51 қызметкерінің ВИЧ дертін жұқтырғаны анықталды. Олардың жиырма екісі - медициналық қызметкерлер, яғни дәрігерлер,  мейірбикелер, лаборанттар. Қалғандары қызмет көрсететін жұмыскерлер.  Инфекция көзі тек 27 орында анықталған.  Қалғандары жайлы ешқандай мәлімет жоқ.

 Әйелдер кеңесіндегі ВИЧ

Қауіпті вирус жұқтырған, емделушілердің тікелей дене мүшелерін қарап, науқастармен тікелей жұмыс істейтін 22 медициналық қызметкерге тоқталсақ.

ВИЧ-инфекциясын жұқтырған олардың саны сан 4,4 есеге, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 5 -тен 22-ге дейін өскен.

Тек, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана медициналық қызметкерлердің ВИЧ-инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелмеген.

Республика бойынша ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 22 медицина қызметкерінің 10-ы Алматыға тиесілі. Дертті жұқтырғанның бәрі де әйелдер, олардың екеуі әйелдер кеңесінде жұмыс істесе, екеуі—емханада, біреуі — стационарда және үшеуі —Алматы қалалық "СПИД" орталығында жұмыс істеген.  

ВИЧ жұқтырған алматылық ақ халаттылардың біреуі дәрігер, қалған 9-ы орта білімді медициналық қызметкерлер, яғн,и медбикелер мен лаборанттар. Олардың 8-нің жасы 40-қа толмаған.

Айтылған 10 адам да инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырған, дегенмен бұл мәліметті берген дерекөздердің күмәні бар. Өйткені, олардың кем дегенде алтауы әр уақытта ота және екпе түрінде медициналық көмек алғаны белгілі болып отыр.

Ал, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ВИЧ- инфекциясын жұқтырған медбикелердің «коммерциялық» төсектестері бар екені анықталған. Инфекция жұқтырған қалған төрт қызметкер егілу жолымен есірткі қабылдайтын көрінеді.

Медбикелердің құпия өмірі

Дәрігерлердің бұл дертті жұқтыру жолдары адам айтса сенгісіз. Мысалға, алматылық  "науқастардың" бірі 2016 жылы ВИЧ-ке тексерістен өткен, нәтижесі таза шыққан. Оның төсектесінен де инфекция табылмаған. Дегенмен, сәуір айында оған ота жасалған. Содан кейін ВИЧ пайда болған. Қайдан жұққаны — анықталмады.

Басқа инфекция жұқтырған медбикенің бірі қатарынан екі адаммен төсек қатынасында болып жүрген, олардың біреуі әлі тексерістен өтпеген. Оның үстіне, 2014 жылы ол әйел  Қапшағай мен Алматының ауруханаларында ем алған. Оның бұл дертті қайдан жұқтырып алғаны анықталмаған.

Тағы да бір дертті  медбикенің төсектегі серігі ВИЧ-дертімен ауырмаған, бірақ бірнеше жыл бұрын Алматы Орталық қалалық емханада ем алған.

Астанадағы ВИЧ- инфекциясын жұқтырған медбике екі баланың анасы, 2 жыл бұрын жезөкшелікпен айналысқан көрінеді.  Тағы бір елордалық медбике соңғы рет ВИЧ-ке 2010 жылы тексерілген.  

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ жұқтырған ақ халаттының бірі акушер болып шыққан.

Сап-сау болып кіресің, СПИД жұқтырып шығасың 

 Эпидтексеріс барысында республикалық "СПИД" орталығының қызметкерлері мынандай шешімге келген — инфекция жұқтырған медбикелердің барлығы  да өз кінәларынан жұқтырған.

Олардың 40% -ы белгісіз адамдармен төсек қатынасына түссе, төртеуі жезөкшелікпен айналысқан, ал 15-і ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандармен және нашақорлармен жыныстық қатынасқа түскен. Ал, үш медициналық қызметкердің бұрындары жазасын өтеу орындарында болғаны анықталды.  Астана, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының төрт қызметкері бұл инфекцияны гомосексуалды жыныстық қатынас кезінде жұқтырған.  

Бір таңқаларлығы 2016 жылы ВИЧ –жұқтырды делінген медициналық қызметкерлердің 43%-ы бұрын ВИЧ-инфекциясына тексерілмеген. ВИЧ-инфекциясын жұқтырған медбикелердің кем дегенде  үшеуі  бұл жайлы  өте кеш білген, салдарынан дерт  3-клиникалық деңгейге жеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір