• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:34:19
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2017 NEWS

«ВИА Гра» тобының әншісі Эрика Герцег аэропортта қомақты қаржымен ұсталды

Әнші Эрика Герцегтің айтуынша, ол бұл ақшаларды қазақстандық досынан қарызға алған, деп хабарлайды

Әнші Эрика Герцегтің айтуынша, ол бұл ақшаларды қазақстандық досынан қарызға алған, деп хабарлайды "Первая инстанция", мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

«ВИА Гра» тобының солисті Эрика Герцег «Борисполь» аэропортында кедендік тексеріс барысында қомақты қаржымен ұсталып, ақшасының барлығынан айырылды. Қолға түсірген қомақты қаржыны мемлекеттің пайдасына тәркілеген.

Бұл жайында Киев облысындағы аппеляциялық соттың шешімі нәтижесінде белгілі болды.

Сот ісіндегі материалдарда көрсетілгендей, кеденнің «ВИА Гра» тобының әншсі Эрика Герцегке деген күмәндары бір жыл бұрын, яғни 2016 жылдың 20 наурызында пайда болған. «Жасыл дәлізді» таңдаған әнші кедендік пост қызметкерлеріне өз жүгін ашып көрсеткен.

«Сөмкеден 29,8 мың доллар, 12,5 мың евро мен 15 мың рубль қаражат табылды. Кедендік декларацияда Эрика Герцег ақшаның сомасын бұлай деп көрсетпеген, сол себепті де кеден қызметкерлері 10 мың евродан қалғаны тәруіленді, себебі шет елге бұл сомадан артық қаражат алып шығуға рұқсат жоқ. Нәтижесінде, «ВИА Гра» әншісі 29,8 мың доллар, 2,5 мың евро мен 15 мың рубльден айырылды», - деп көрсетіледі сот материалдарында.

2016 жылдың сәуір айында сот әншіні кінәлі деп тауып, 1700 гривен айыппұл салған, сонымен қатар жарияланбаған қаражаттарын тәркілеуге бұйрық шығарған.

Эрика аппеляциялық сотқа шағым түсіріп, ақшасын қайтарып беруін сұрағанмен, оның бұл талабы орындалмады. Соттың мұндай шешім қабылдауына әншінің қаражатқа қатысты берген түсініктемесінің екі түрлі болғандығы себеп болды. Алғашқыда әнші бұл ақшаны танысынан сыйлық ретінде алдым десе, аппеляциялық сотта қазақстандық досынан қарызға алғндығын дәлелдемек болды.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір