• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:15:02
+35°

15 Маусым, 2017 Әлеумет

Вокзалдағы оқиға. Студент қыздың сіздерге айтары бар

Белгісіз қыз бала өзінің басынан өткен әңгімесін баяндап берді.

Белгісіз қыз бала өзінің басынан өткен әңгімесін баяндап берді. Орыс сайтында жарияланған бұл оқиға кімнің болса да жүрегін елжіретіп, адам өміріндегі маңызды қадамдарды жасауға жәрдемін тигізуі мүмкін.

Әуелде қыз бұл жайында жазғысы келмеген, алайда үлкендердің ақылымен жария етуді жөн санапты.

«Оқиға өткен сәрсенбіде орын алды. Университетке бара жаттым. Әдеттегідей кешігіп барамын. Адамға толы вагонның ішінде музыка тыңдап, алда болатын мемлекеттік емтиханымды ойлап келемін.

Жанымда екі адам тұрды, бірі әдемі тондағы әйел мен пальто мен жүн бас-киім киген, мойын орамалы бар ер адам. Әлгі ер адам вагонда әрең тұр, тіпті құлап кетер ме екен дедім. Құлаққабымды шешіп, екі адамның әңгімесін тыңдайын дедім. Ер адам ішіп алған секілді болды, бірақ ішіп алған адамнан иіс мүңкім тұратын еді. Бұл кісіден мүлдем байқалмады, таңқалдым.

Вагоннан бірге шықтық. Мойын орамал таққан ер адам әрең қозғалып келеді. Бір қателік жіберсе, пойыздың астына түсіп қалатындай... Не істерімді білмей далмын. Жарайды, ішіп алса, өз обалы өзіне дедім де, өз жөніммен жүріп кеттім.

Не керек, дәтім шыдамады, әлгі адамның жанына қайта келдім. Көмек керек емес пе екен деп сұрадым. Ер адамның жауабы түсініксіз болды, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыра алмады. Үрейім қашты, ер адам да менен көзін алмай қарап тұр.

Әлеуметтік желіде инсульт жайында оқығаным бар еді, аяқ асты сол есіме түсті. Әлгі адамнан күлуін өтіндім. Өтінішім оғаш естілер, бірақ мен солай істедім. «Күліңізші?! Әдемі қызға қарап, күлу де қиын ба?». Ол күлуге тырысты. Бірақ жартылай ғана.

Құдайым-ай, жартылай ғана, ішіп алмаған, бұл – инсульттің белгілері! Сөйтіп, оны орындыққа жатқызып, жедел-жәрдем шақырдым. Ер адам көз алдымда солып барады. Денесі жаурап, түрі бозарып қалған. Біреу келіп көмектесер деген ниетпен айналама қарадым. Жоқ, әркім өз жолымен, әйетуір бір жерге асығып барады, жан-жағына қарауға мүмкіндіктері де жоқ. Біраз уақыттан соң жедел-жәрдем де жетті, ер адамды зембілге салып, адамдардың арасынан өтпек болды.

Иә, түсінемін, дәл кептеліс уақыты. Әркім үйіне асығады, уақыттары тапшы. Бірақ зембілде ауыр халде жатқан ер адам да оларды ойландыра алмағаны ма? Ешкім жол берер емес. Бірнеше адамды көрдім вагоннан, бірақ жандары жоқ...

Бірер сағаттан соң жедел-жәрдемнен хабарласып, ер адамның қаза тапқанын айтты, себебі көмек дер кезінде көрсетілмеген. Мен тіпті оның есімін де білмеймін.

Бірақ бірнәрсені анық білемін. Бірнеше адамның көз алдында, еш көмексіз мен де өмірден өтіп кетеді екенмін. Қиналсам да, маған ешкім тоқтамайды, қол ұштарын созбайды. Мүмкіндіктері бар, бірақ қолданбайды. Өзіме және бір құдайға сенуіме ғана тура келеді.

Құрметті, адамдар. Өз ойларыңыздан бір сәтке демалып, айналаға қараңыздаршы? Жаныңыздаға адамдардың сіздің көмегіңізге мұқтаж екенін көресіз. Ол адам ішкіш болсын, нашақор болсын, психикалық ауруға шылдққан болсын, ол да құдай жаратқан адам баласы. Тіпті қорқамын деп те ойламаңыз. Сіз оны құтқара аласыз, ең болмағанда жақсылық жасауға тырысасыз. Соны ойлаңыз!

Тағы айтарым... Инсультке шалдыққан адамды танудың 4 қадамы бар:

-адамнан күлуін сұраңыз (ол мұны дұрыс істей алмайтынын көресз);

-бір сөз айтуын сұраңыз (әріптерді бір-бірімен байланыстыра алмайтын болады);

-екі қолын көтеруін сұраңыз (оны да істеуге қауқары жетпейді);

-тілін шығаруын өтініңіз (тілі бұралып тұрады).

Адамнан аталмыш белгілерді байқасаңыз, тез арада көмектесуге құлшыныңыз. Сіз оның құтқарушысы болуыңыз мүмкін. Есіңізде болсын, ол адамның орнында сіз де болуыңыз әбен мүмкін».

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір