• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:18:25
Алматы
+35°

04 Қазан, 2017 Саясат

Владимир Путин Дағыстан басшысының отставкасын қабылдады

Кремль әкімшілігінің ресми сайты Васильев пен Путиннің кездесуін жариялады.

Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатипов отставкаға шықты. Ресей президенті Владимир Путин Абулатиповтың отставкаға шығу туралы өтінішін қабылдады. Мемлекеттік Думаның «Біртұтас Ресей» фракциясының жетекшісі Владимир Васильев аймақ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кремль әкімшілігінің ресми сайты Васильев пен Путиннің кездесуін жариялады.

«Дағыстан – өте көрікті республика. Оның көркі табиғатында ғана емес, онда өмір сүретін адамдарында», - деді Путин Васильевпен кездесу барысында.

Сондай-ақ Путин Василеьвтің Дағыстандағы келесі сайлау өткенге дейін басышының міндетін атқарушы болып тағайындалғанын мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір