VІІI Республикалық Құран жарыста маңғыстаулық жігіт автокөлік ұтып алды (фото)

VІІI Республикалық Құран жарыста маңғыстаулық жігіт автокөлік ұтып алды (фото)
Ⓒmuftyat.kz

Кеше Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІI Республикалық Құран жарысы жүлдегерлерін марапаттау рухани кеші өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.  

Дін жанашырлары мен демеушілердің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 16 млн теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 558 қари қатысты. Төрт бағыт бойынша бақ сынасқан қарилар Құранның 10 парасын, 20 парасын, қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа айтудын және Құранды мәнерлеп оқудан жарысты.

Бас муфти

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «… Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» дейді. Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап. Құран секілді ешқандай кітап жатқа оқылып, насихатталмайды. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Құранды көп оқыған адамның Алла алдында дәрежесі артады», – деп, кеш қонақтарына қасиетті Құранның маңызын жеткізді. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға, әділ қазы алқасына, қатысушы қариларға алғысын білдірді.

«Ақорда» республикалық қозғалысының төраға орынбасары Қанат Жанатұлы және Алматы қаласы, Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтер де ақжарма тілектерін білдіріп, құттықтау сөздерін арнады. Игі шараға мұрындық болған азаматтарға алғыстарын айтты.

Рухани кеште Хазірет Бердіхан, Ерген Айтымбетов, Райым Уайыс сынды өнерпаздар арнау орындап, өздерінің асқақ ән-күйімен көрерменге рухани көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетіліп, «Өнер қырандары» театры халық назарына Құран оқудың маңызы жайында ғибратты қойылым ұсынды.

Құран жарыс

Құран байқауының жүлдегерлеріне марапаттарын елімізге танымал дін және қоғам қайраткерлері табыстады.

Құран жарыс

4 бағыт бойынша байқау жүлдегерлерінің көрсеткіші мынадай:

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:

Бас жүлде – Сақи Сатешов (19 жаста, Маңғыстау) – Автокөлік

ІІ орын – Нұрмұхамед Лиров (18 жаста, Жамбыл) – 2 млн. тг

ІІІ орын – Саламат Қаратаев (27 жаста, Алматы) – 1,5 млн. тг

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын – Қуаныш Тоқсанұлы Абишев (29 жаста, Алматы) – 1,5 млн. тг

ІІ орын – Ниғматулла Савранбекұлы Абдазимов (12 жаста, Қызылорда) – 1 млн. 250 мың тг.

ІІІ орын – Ахмадқожа Сайвалиұлы Хакимов (17 жаста, СҚО) – 1 млн. тг.

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын – Нұртілеу Серікұлы Мейітқасым (6 жаста, Нұр-Сұлтан) – 1 млн. тг.

ІІ орын – Акмал Давранбекұлы Рахимқұлов (18 жаста, Түркістан) – 750 мың тг.

ІІІ орын – Омар Бауыржанұлы Ізгілік (11 жаста, Маңғыстау) – 500 мың тг.

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Қайнар Базарқанұлы Базарқан (25 жаста, Алматы) – 500 мың тг.

ІІ орын – Ұлан Бағдатұлы Балтабай (14 жаста, Атырау) – 300 мың тг.

ІІІ орын – Бауыржан Бақытжанұлы Исабеков (26 жаста, Алматы өңірі) – 150 мың тг.

Сонымен қатар, жарыс жүлдегерлерінен бөлек Құран байқауына қатысқаны үшін 57 қаридың әрбіріне ынталандыру ретінде 50 мың теңгеден сыйақы берілді.

Құран жарыс
Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Маралтай Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
    23/05 17:39 0 3
    2
    Сақ болыңыз! Сауда орындарындағы түбіртек қауіпті ауру туғызады (видео)
    23/05 17:10 0 303
    3
    Сән индустриясының сұмдығы
    23/05 16:34 0 98
    Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
    23/05 16:30 0 97
    ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
    23/05 16:24 0 129

    Таныстырылғандар

    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алайда ер адамның діни некеде тұрған әйелі де болған.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:32 0 1258
    Зеленский: Суретім  еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінен кейін сөзінде Жоғары Раданы тарату туралы бұйрық берді
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 14:13 0 1809
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Қателесудің бәрі танымның дұрыс болауынан келіп шығады.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 14:16 0 147
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 11:47 0 236
    "Анаға апарар жол" фильмін Америка тамашалайды
    "Анаға апарар жол" фильмін Америка тамашалайды
    "Анаға апарар жол" фильмін Америка тамашалайды
    Одан бөлек, американдық прокаттан кейін (90  күн өткен соң) бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD...
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 15:32 0 99
    Сириядан келгендер көрген қорлықтары туралы айтты (видео)
    Сириядан келгендер көрген қорлықтары туралы айтты (видео)
    Сириядан келгендер көрген қорлықтары туралы айтты (видео)
    Соғыс ошағынан келген бала түрлі-түсті сурет салуға болатынын білмейтіндей көрінеді.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 17:31 0 918
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    ҚМДБ зина жасаған "имамға" қатысты мəлімдеме жасады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 21:15 0 7990
    Қадыров Зеленскийді Ленинге теңеді
    Қадыров Зеленскийді Ленинге теңеді
    Қадыров Зеленскийді Ленинге теңеді
    Зеленский ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде президенттік қызметіндегі басты мақсаты – Қырым мен Донбассты Украина...
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:46 0 850
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Эйнштейннің 1,5 миллион долларға сатылған қолтаңбасы
    Аукционда 1,56 млн долларға сатылады.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 09:56 0 274
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Олег Ляшко президентпен өткен жабық жиыннан Facebook-ке тікелей трансляция қосқаны үшін оққағарлардан ескерту алды
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 10:40 0 2463
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"
    Аталмыш жиынға бұрынғы премьер министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев қатысты.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 14:12 0 14195
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
    Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің ...
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:58 0 1772
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
    Байқаудың мақсаты – журналистік қауымдастықты жастардың өмірі мен жетістіктерін жазуға, олардың шығармашылық әлуетін ашуға және ынталандыруға бағытталған.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 23:55 0 92
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Шетелдік дәрігерлер де 4-дәрежеге дейін асқынған дерттің дауасын таппады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 04:04 0 2193
    Ұлыбритания премьер-министрінің тұғыры шайқалуда
    Ұлыбритания премьер-министрінің тұғыры шайқалуда
    Ұлыбритания премьер-министрінің тұғыры шайқалуда
    Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ертең 24-мамаыр күні отставкаға кету мүмкін
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 10:17 0 166