• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:24:55
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 NEWS

Венесуэлада наразылық шеруінде 2 студент пен гвардияшы өлтірілді

Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы наразылық ереуілі барысында екі студент пен Ұлттық гвардия сержанты қаза тапты. Бұл туралы

Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы наразылық ереуілі барысында екі студент пен Ұлттық гвардия сержанты қаза тапты. Бұл туралы Қамшы АА   Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оппозиция өкілдері Мадуроның саясатына қарсы наразылыққа шықты. Олардың пікірінше президент елдегі демократияны шектеп, экономикаға зиянын келтіруде.

Бірнеше мың адам қатысқан наразылық шеруі 2014 жылдан бергі болып өткен ереуілдердің ішіндегі ең ұзаққа созылғаны екен. 19-сәуірде болып өткен шеруде 400-ге тарта адам полицей қызметкерлерімен ұсталды.

Ал Венесуэла президенті Мадуроның айтуынша, бұл ереуілдің мақсаты- елде төңкеріс жасап, социализмді жою. Үкіметке оппозиция болып отырған халықтың айтуынша, президент диктатор болып кеткен, азаматтар санасына  қорқыныш пен зорлық ұялату үшін әскери күшті қолданады дейді.

Биылғы жылда орын алған ереуілдерде барлығы сегіз адам қаза тапты. Оппозиция лидері Энрике Каприлес халықты 20  сәуірде де ереуілге шығуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір