• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:42:32
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Саясат

Венесуэла президенті Бразилиямен шекараны жапты

Венесуэла президенті Николас Мадуро Бразилия елімен екі ортадағы шекараны жабатынын мәлімдеді.

Венесуэла президенті Николас Мадуро Бразилия елімен екі ортадағы шекараны жабатынын мәлімдеді. Ол туралы президент 21 ақпан күні тікелей эфирде айтып өтті.

Екі елдің шекарасын жабуға басты себеп – елдің тыныштығы мен берекесі.

Бұған дейін Бразилия президентінің  баспасөз хатшысы Отавиу Сантана ду Регу Баррус Ота үкіметбасының Венесуэла еліне арнайы топ жасақтап, гуманитарлық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын мәлімдегені белгілі. Сонымен қатар, Венесуэла елінің оппозиция өкілдерінің сұрауы бойынша елге гуманитарлық көмек көрсетуге бірнеше ел дайын екенін айтқан болатын.

Өз кезегінде Николас Мадуро елге жан-жақтан берілетін гуманитарлық көмекті қабылдай алмайтынын және мұны “Олигархтардың арзан шоуы”деп қабылдайтынын жеткізді.

Әзірге Бразилия елімен шекара қызметін тоқтатқан Николас Мадуро Колумбиямен шекарасын толық жабатынын ашық айтпады. Әлі де ойлану үстінде екендігін хабарлады.

                                                                                                     Аударған: Әсем Мерекеқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір