• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:00:53
Алматы
+35°

24 Қаңтар, 2019 Саясат

Венесуэла президенті: Америкалықтар, 72 сағатта көздеріңді құртыңдар!

Дональд Трамп оппозиция лидері Гуаидоны ресми түрде Венесужла президенті ретінде мойындайтынын айтқан

Венесуэланың Ұлттық ассамблея басшысы Хуан Гуаидо өзін уақытша президент қызметін атқарушы ретінде таныстырып, бүкіл жұртшылықтың көзінше ант қабылдады. АҚШ президенті Дональд Трамп, өз кезегінде, Гуаидоны елдің басшысы ретінде мойындайтынын айтты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-тың деректеріне сүйене отырып жазады.

Венесуэла халқы бірнеше жылдан бері қазіргі президент Николас Мадуроның отставка кетуін талап етіп жүргені белгілі. Ал бірер күн бұрын Каракас халқы көшеге шығып, митинг ұйымдастырды. Қараша халық Мадуроға қарсы шығып, Гуаидоны қолдайтынын білдірді.

Гуаидо халықтың алдында оң қолын жүрегіне қойып: «Билікті тартып алуға шектеу қоюға, өтпелі үкіметті қалыптастыруға және сайлауды әділ өткізуге ант беремін» - деді.

Венесуэла

Жоғарыда атап өткеніміздей, Дональд Трамп оппозиция лидері Гуаидоны ресми түрде Венесуэла президенті ретінде мойындайтынын айтқан.

«Венесуэла халқы батыл қадам жасап, Мадуроға және оның жүйесіне қарсы шығып, бостандық пен әділдікті, бәрінің заңды түрде шешілуін талап етіп отыр», - дейді Трамп.

Өз сөзінде ол Мадуроны "заңсыз отырған президент" деп атап, ал елдегі парламент – Венесуэла халқының таңдауы бойынша сайланған жалғыз заңды орган екендігін айтып өтті.

Венесуэла

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Африка елдерін біріктіріп отырған америкалық мемлекеттік ұйымдар да Гуаидоны президент ертінде мойындайтынын мәлімдеді.

«Гуаидоны уақытша президент қызметін атқарушы лауазымымен құттықтаймыз. Біз сізді толықтай қолдаймыз және елде демократияны қалыптастырады деп сенеміз», - деп жазады ұйымның бас хатшысы Луис Альмагро өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қаңтар айында екінші рет президент тағына отырған Николас Мадуро сәрсенбі күні АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынасты үзіп, америкалық дипломаттарға елден кетуге 72 сағат уақыт берді.

«Мен АҚШ-пен дипломатиялық және саяси қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдадым. АҚШ-тың империалистік үкіметі Венесуэлада төңкеріс жасап, қуыршақ үкіметті құруды басшылыққа алды. Дональд Трамптың Венесуэлаға қарсы жүргізіп отырған саясаты елді бөліп тастау, оның демократиялық институттарын жойып, үкіметті конституциялық емес құралдармен басып-жаншу», - дейді Мадуро.

Венесуэла

Оның айтуынша, АҚШ билігінің қолдауы арқасында оппозиционерлер мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысқан. Сондай-ақ, Мадуро қолынан келгенше елдің тәуелсіздігін сақтап қалатынын жеткізді.

«Біз тәуелсіз елміз және өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынасымызды үзбейміз. Сонымен қатар, біз конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге міндеттіміз», - деп айтып өтті Мадуро.

Венесуэла

Венесуэла президенті америкалық дипломаттарға: «Көздеріңді құртыңдар! Венесуэланы жайына қалдырыңдар. Мұндағы адамдардың да намысы бар!» - деп оларға  72 сағатта елден кетуге уақыт берді.

Венесуэланың Жоғарғы соты елдегі опоозициялық парламентке қарсы қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу бастағанын мәлімдеді.

Венесуэла

Елде осымен үшінші күн митинг жалғасуда. Белгілі болғанындай, қарсылық акциясының салдарынан 16-ға жуық адам қаза тапқан, оның ішінде 16 жастағы жеткіншек те бар екен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жаппай қарсылық  шаралары өзге қалаларда да жалғасын таппақ.

Венесуэла

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір