• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:37:07
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2019 Саясат

Венесуэла: Бір ай өтсе де, Мадуро билігі мызғымай тұр

Президент «Хуан Гуайдоның 30 жыл мерзімге абақтыға қамалатынын» мәлім етті.

АҚШ президентінің ұлттық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ресми Вашингтон Венесуэладағы Мадуро биілігін біржолата құлату үшін халықаралық коалиция құратынын мәлім етті. Бұл туралы ол CNN агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Нақты саяси тұжырымға  жүгінсек,  АҚШ-тың жақтастары «Николас Мадуроны «заңсыз сайланған президент. Сондықтан ол орнын босатуы тиіс. Оның орнына оппозиция лидері Хуан Гуайдо келуі тиіс. Ол үшін біздің коалиция қолдан келгеннің бәрін жасайды. Алдағы уақытта Мадуро режиміне қарсы тұратын коалициялық күштердің санын көбейтеміз. Мадуро билігі орнынан кетуі тиіс»,– деп отыр.

Болтонның әңгімесіне қарағанда, шын мәнінде олар Николас Мадуро билігін сөзсіз кетіретін сияқты. Олай болған жағдайда елде азамат соғысы басталады. Сыртқы күштер оппозицияға дем береді. Хуан Гуайдоға көмек көрсетеді. Қазірдің өзінде АҚШ билігі оппозиция лидері Гуайдоны қолдап отыр. Ал Ресей қайтпек? Жағдай шиеленіссе, сценарийдің қалай өрбитінін ресми Мәскеу ашық айтпай отыр.

Ал өзін «уақытша президент» санаған Гуайдо бүгінде  шекаралық ел Колумбияда  жүр. Егер ол елге оралатын болса, Мадуро  Гуайдоны тұтқындауы мүмкін. Бұл туралы Венесуэланың ресми билігі мәлім етті. Бірақ оқиғаның қалай өрбитіні әлі  белгісіз.  Егер Гуайдо ұсталатын болса, онда Ақ үй де қарап қалмайды. Ал оппозиция басшысы ел тұрғындарын тағы да Мадуро билігіне қарсы көшеге шығуға шақырды.

Ал билік басындағы президент «Хуан Гуайдоның 30 жыл мерзімге абақтыға қамалатынын» мәлім етті. 

Қалай айтқанда да, жағдай барған сайын күрделеніп барады. Бірақ өткен аптада немістің Frankfurter Allgemeine басылымы  Мадуро билігін құлату оңай еместігін, ал Хуан Гуайдо қазір халықтың қолдауынан айрылып барады» деген тұжырым жасады.

...Ал алдағы уақытта жағдай қалай өрбиді, оны енді  уақыт көрсетер. Бірақ Венесуэладағы саяси тұрақсыздықтың басталғанына бір ай уақыт өтсе де, Мадуро билігі мызғымай тұрғаны ол енді ақиқат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір