• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:05:07
Алматы
+35°

09 Қараша, 2017 NEWS

Валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығы туралы Олег Смоляков айтып берді

Қорытындылай келе ол банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті

 Сыртқы қолайлы жағдайлар және қысқа мерзімді ауытқуларды реттеуге бағытталған Ұлттық Банк шараларының нәтижесінде қол жеткізілген валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығы туралы ҚР Парламентінің Сенат отырысында баяндамамен сөз сөйлеген Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Айырбастау бағамы 8 қарашадағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 333,76 теңгені құрады. Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі сақталған жағдайда инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады. Ұлттық Банк қызметіндегі негізгі мақсат – бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны белгіленген нысаналы диапазон шеңберінде ұстап тұру», - деді О.Смоляков.

Оның айтуынша, инфляция 2017 жылғы он айда 5,4%-ды құрады. Қазанда жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәліз ішінде болып, 7,7%-ды құрады. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды Ұлттық Банк толық көлемде қолдануда. Экономиканың ұзақ мерзімді орнықты өсуі және халықтың игілігін арттыру баға тұрақтылығының негізі болып табылады.

Сонымен бірге О.Смоляков ақша құнының негізгі индикаторы базалық мөлшерлеменің мәні қазіргі уақытта 10,25%-ды құрайтынын атап өтті. О.Смоляков 2017 жылдың 9 айында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 32,2 млрд. АҚШ долларын құрап, 9,1%-ға ұлғайғанын айтты. Ұлттық қордың валюталық активтері 57,1 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал ел резервтерінің жалпы сомасы ІЖӨ-нің 60%-ын құрай отырып, 89,3 млрд. АҚШ доллары болды.

«Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар үлесінің жыл басындағы 55%- дан қазіргі кездегі 49%-ға дейін төмендеуі байқалуда. Валюта нарығындағы тұрақтылық және инфляция деңгейінің төмендеуі теңгемен жинақтауды одан әрі ынталандыратын болады. Жылдың басынан бері банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 13,2 трлн. теңгеге дейін 4%-ға өсті. Ұлттық валютамен кредиттер беру көлемі 11%-ға (906,5 млрд. теңгеге) немесе 9,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме қыркүйекте 14%-ға дейін төмендеді», - деді О.Смоляков.

Қорытындылай келе ол банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті: «Банктерді қалыпқа келтіру және экономиканы кредиттеуді жандандыру үшін ынталандыру қазіргі сәтте жүргізіліп отырған Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының нәтижесі болады».

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір