Ұзатылатын қыздың "девичнигі" – қызойнақ, үш сағаттан кейін жынойнақ

Ұзатылатын қыздың "девичнигі" – қызойнақ, үш сағаттан кейін жынойнақ
Ⓒашық дереккөз

Славяндар қыз тұрмысқа шығар алдында құрбыларын жиып, «девичник» дейтін бір рәсімді өткізіп жатады. Негізінен бұл дәстүр Беларусьте, Украинада, Блогарияда, Сербияда, Польшада, Ресейдің солтүстік бөлігінде кеңінен тараған. Ескі славян жоралғысы бойынша күйеуге кетіп бара жатқан бойжеткен қамсыз күндерімен, өрілген ұзын бұрымымен, сұлулығымен, ұят та болса айтайық, пәктігімен қимай қоштасып, сыңсып, құрбыларына «мұңын шағады». Мұндай жылап-сықтау бір аптаға, кейде екі аптаға ұласады. Қызойнаққа күйеу бала жағынан да сүрбойдақ жігіттер келіп, қыз құрбыларына тәтті тағамдарын ұсынып, таң атқанша ән салып, эротикалық би билеп, көңіл көтереді.

Осы бір қанымызға жат дәстүр сыналап бізге де еніп жатқан сыңайлы. Әсіресе, Астанада, солтүстік өңірлерде өздерін заманауи жастармыз деп есептейтін қыз-қырқынның ортасында «қызойнақ» ойын-сауық дәстүріне айналып бара жатқандай. Естеріңізде болса, базбір қазақ әншілері тұрмысқа шығар алдында құрбыларын моншаға шақырып, осындай «девичник» өткізген болатын. «Тойыма құрбыларымның бір түсті көйлек киіп келгенін қалаймын» деп еркелік танытқан жұлдыздар да кездесті. Міне, содан бері еліккіш, желіккіш қыздар «бастаңғы» дейтін қазақы жоралғымызды желеу етіп, ұзатылар алдында мейрамхана-шатханаларда, жалдамалы пәтерлерде не өз үйінде құрбыларымен бас қосып жүр. «Бастаңғы» бөлек, онда үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері бір үйге жиналып, әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салып, кеш батыратын. Ал бұлардың «бастаңғысының» жөні басқа, онда тосын фантазияға, еркіндікке көбірек мән беріледі. Қыз-құрбылар белгілі бір стильде, мысалы, үсті-бастарына қына жағып, теңіз қарақшылары, ерке сәби, үнді актрисалары, қуыршақтар әлемі, ертегі кейіпкерлері кейпіне еніп, ойларында жүрген қияли қимыл-әрекеттерін жүзеге асырады. Үлгі ететіндері қазақ ертегілерінің кейіпкерлері болса мейлі ғой, батыс анимацияларының адам шошырлық мутант-қуыршақтары. Талғамға талас жоқ, әрине. Бірақ, бұл сенің дәстүрің бе? Осыны бір сәт ойладың ба, жас құрбы? Ойпыр-ай, сыңсығың келіп, бойжеткен күндеріңмен қимай қоштасуды қаласаң, атадан келе жатқан «Сыңсу» дейтін өз дәстүрің бар емес пе?

Осының барлығы үйде, дастархан басында «қызға қырық үйден тыйым жасап», халықтық салт-жоралғымызды күнделікті айтып отырмаудан туындайтын жайттар болса керек.

Бір өкініштісі, қызойнақтың дастархан басында, арақ-шараппен шалқыта өткізілетінінде. Ал, шарап ішкен соң арада жасырын сыр қала ма? Құрбылар ағынан жарылып, іштегі құпия пікірлерін, көрген-білгендерін, естігендерін ортаға салып, қажет болса, төсек қатынасының кейбір құпия қырларымен ой бөлісіп, түрлі ойын-сауықпен таң атырады.

«Девичниктің» басым бөлігі ұзатылар қыздың өз үйінде өтетінін ескерсек, бұған жол беріп отырған ата-аналарының ойлайтыны не сонда? Әлде, олар қызойнақтың түн жарымынан соң жынойнаққа айналып сала беретінін білмей ме екен?..

Бекжігіт Сердәлі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 апта бұрын

    Бұл азгындауга бастайтын қылық. Оны жасымыз да каримизде тусинип тосқауыл коюымыз керек

    1
    Балғынбек Имаш: Алла деп "Крещениеде" суға түскен, Мұсылманға мұнафиқ мінез келді
    20/01 23:22 0 242
    2
    Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?
    20/01 14:14 0 507
    3
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    20/01 09:27 0 6902
    Өнертанушы ретінде атақты суретшілердің картиналарын қалай оңай ажыратуға болады?
    20/01 02:37 0 422
    Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...
    19/01 15:38 0 1376

    Таныстырылғандар

    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Алайда прокурор 7,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
    Аудио тыңдау
    10/01/2019 20:49 6 1129
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Бүгінгі биліктің бір мінезі — "тым далақпай"
    Ал біздегі бейшара жағдайды қараңызшы! Біз түгілі шеттен келген жұмысшыларға дейін Қазақстанда қазақ тілін керек қылмайды. Бұл салаға реформа қажет!
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 11:44 0 2232
    Кітапжазғыш президент аш халқына астық емес, мақал жинауды тапсырды
    Кітапжазғыш президент аш халқына астық емес, мақал жинауды тапсырды
    Кітапжазғыш президент аш халқына астық емес, мақал жинауды тапсырды
    Дәл қазір Түрікменстанда азық-түлік тапшылығы байқалады
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 13:43 0 3750
    Макс Боқаевтан сәлем...
    Макс Боқаевтан сәлем...
    Макс Боқаевтан сәлем...
    Белсенді Талғат Аян Facebook-тегі парақшасында түрмеде отырған Макс Боқаевтың сәлемін жариялады.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 16:40 1 2115
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды
    Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 18:22 0 2785
    "Әр миллиметр маңызды": 9 күн бұрын дүниеге келген сәбиге күрделі ота жасалды (видео)
    "Әр миллиметр маңызды": 9 күн бұрын дүниеге келген сәбиге күрделі ота жасалды (видео)
    "Әр миллиметр маңызды": 9 күн бұрын дүниеге келген сәбиге күрделі ота жасалды (видео)
    Арнайы үлкейткіш құралдар көмегімен жасалатын отада өте жіңішке жіп қолданылады. Миллиметрге қателесу – үлкен қауіпке әкеп соқтырады
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 14:26 0 3099
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Габбард президент Донльд Трамппен күресуге дайын бірнеше демократ дайындады.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 14:20 1 1046
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Бақытжан Сағынтаев кезекті үкімет отырысы барысында министрлердің жұмысына көңілі толмай отырғанын айтты
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 14:55 0 3808
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен құжат «Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі» деп аталады.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 20:27 0 526
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    "Қыз алып" қашу мен "зорлықпен қыз алып қашуды шатастырмайық.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 12:32 0 764
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    "Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болған соң танып жатырмыз, себебі ол..."
    Бұл ағамыз кезінде ауылда участкелік полиция болып жұмыс істепті. Тәртіпке қатал болыпты марқұм.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 13:21 0 3001
    Мұсылмандар  қашаннан бері "крещение" жасап,  күнәдан тазаратын болған?
    Мұсылмандар қашаннан бері "крещение" жасап, күнәдан тазаратын болған?
    Мұсылмандар қашаннан бері "крещение" жасап, күнәдан тазаратын болған?
    Ттаза су адам денесінің кірін кетіруі мүмкін, бірақ "күнәсіз, пәк" қылып шығарады дегенді ешқандай санаға сыйдыру, көңілге қондыру мүмкін емес
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:02 0 911
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 17:59 0 703
    22 қаңтарда Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды
    22 қаңтарда Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды
    22 қаңтарда Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды
    "Осыған байланысты Жоғарғы сот коллегиясы оның ісін 22 қаңтар күні қайта қарап шықпақ" , - деп хабарлады ведомство өкілдері.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 13:57 0 1778
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    Автокөліктен түспеңіз. МАИ қызметкерінің мұны талап етуге еш қақысы жоқ.
    Аудио тыңдау
    20/01/2019 09:27 0 6902