Үйлер тыр жалаңаш қалды...

Үйлер тыр жалаңаш қалды...
ⒸҚазАқпарат

Әжем, ақырындап өз бөлмесінен шығып, қонақ бөлмеге кіріп келе жатты. Қонақ бөлмеде немересі мен келінінің дауыстары шығып тұрған еді:

Келіні:

— Балам, кел, дастарханға отыр, сорпаңды құйып қойдым, суытпай ішіп ал!»

Қонақ бөлменің бір бұрышындағы өзінің ауылдан алып келген көрпесінің үстіне отырған әжесін көрген немересі:
— Әже, кел бірге тамақ жейміз, — деді.
Қарт ана бір күрсініп алып:
— Үйдің отағасы келмей тұрып дастарханға отыруға болмайды. Әкеңіз келсін, бірге жейміз, бұйырса!»

Келіні:
— Ойбаай, апа! Бұл әдеттердің заманы өтті, ескерді ғой. Қазіргілер кім аш болса дастарханға сол отырады, балаңыз келіп, өзі жей береді, — деді.

— Қызым, адамдардың өз әдебі секілді үйдің де өз әдебі, заңдары бар.
Немересі шыдай алмай, сөзге араласып:

—Ой, әже, не ол үйдің әдебі?!» деген деді.

Қарт ана былай деді:
— Біз кішкентай кезімізде әкеміздің алдында дұрыс отыруды үйренетін едік. Үйде ата –анамыздың алдында аяғымызды созып отырмайтынбыз, үлкендеріміз сөйлесіп отырғанда олар рұқсат бермегенше сөзге араласпайтынбыз. Бөлмеге үлкендеріміз келгенде тұра қалып орын беретінбіз. Әкеміз дастарханға отырмай тұрып біз ешқашан отырмайтын едік. Әкеміз келіп: «Бисмилла, ал келіңдер!» деп айтатын. Барлығымыз жүгіріп келіп отыра қалар едік. Соңында дастархан батасы оқылатын. Отбасымен жеген тамақтан дәмді тамақ бола ма, құлыным! Бұл дастархан әдебі!»

Немересі:
— Ой, әже, бұлардан стресс болмайсыз ба?!» деді.
— Жоооқ, құлыным! Біздің заманымызда құрмет болған жерде махаббат бірге жүретін. Махаббат болған жерде қайдан стресс болсын. Тамақтар дәмді, ұйқымыз тыныш. Білесің ба, мен стресс деген сөзді осында, қалаға келіп үйрендім. 
Біздің ауылымызда ақылының кемістігі бар бір бала болатын. Бәрі оны «Жынды, Ибрахим» дейтін. Ол кезде сол жынды Ибрахимде стрессіз, бақытты болатын. Кешке дейін көшеде балалармен ойнайтын, қарны ашса бір есікті қағатын. Қай есікті қақса да, оны үй иелері тойғызып жіберетін еді. Шашы өсіп кетсе шаштараз шашын қиып қоятын. Хамамшы оны шомылдырып тұратын. Жұма күндері ауыл кісілері оның қолынан ұстап, намазға апаратын. Ешкім оны кемсітпейтін.

Қазір ешқандай нәрсеге құрмет қалмады. Қарашы, үйлерге де құрмет жоқ! Кеш болса да перделер жабылмаған, барлық үйлердің үй іші көрініп тұр, бірақ ешкім ұялмайды.

Біз кеш батпай тұрып, перделерді жауып, жарықтарды қосатын едік. Перде жабық болса да үстімізді ауыстыруға ұялып, жерге шөгіп ауыстыратын едік. Сырттан көлеңкеміз көрінбеуін ойлап ұялатын едік.»

Осы кезде беті қызарған келіні ақырындап тұрып перделерді жапты.

— «Үйдің әдебі пердесінің жабылып жабылмағанынан белгілі болады» дейтін еді үлкендеріміз, — деді әжем.
Үйдің алдына ешкім іш киімдерін іліп қоймайтын, көршілерден ұялатын еді. Мен кішкентай кезімде шалбарымды үйдің алдына іліп қойған едім, анам келіп «қызым, әкең бүгін аулаға шыққан кезде сенің шалбарың ілулі тұрған, қалай ұялғанымды білсең ғой. Екінші рет ортаға ілме, үйдің артына іл, үстінен жұқа мата іліп қой», — деді. Мен ол кезде 12 жаста едім. Анам бұны маған сөйлеген кезде жер жарылып жерге кіріп кетсем екен деп тұрдым ұялғанымнан. Қазір қалай? Өткенде таза ауамен дем алайын деп балконға шығып едім, қарсыдағы көршіміз барлық кірлерін асып қойыпты, ұялғанымнан ішке кіріп кеттім.

— Бүгін тамақтарды сыртта жейтін болды, «көз құрметі» деген болады, оны ешкім ойламайды. Біз базардан сатып алғанымызды әдемі пәкетпен үйге алып келіп, сонымен дәмді тамақ жасайтын едік. Көзге құрмет жасауымыз керек, қызғаныш болады... Ол тамақты алуға ақшасы жетпейтіндер де бар, соларға құрмет көрсетуіміз керек.
Біздің Пайғамбарымыз (с.а.с) «Тамағыңыздың иісімен көршіңіздің үйінде азан оқымаңыз» деп айтты. 
Үйдің тағы бір әдебі бар, ең маңыздысы да осы...
Үйдегі жағдайлар ешқашан сыртқа шығарылмауы керек: жегеніміз, ішкеніміз, әңгімелер, ұрыстар...
Бұл да үйдің бір әдебі, ешкімге айтылмауы керек. Сол үшін үй ішіндегі мәселелер оңай шешіледі. Пайғамбарымыз да, әсіресе әйелімен күйеуі арасындағы әңгімелер ешкімге айтылмайды, бұл күнә болып табылады деген хадистер айтқан, солай емес па «Ләйлам!» деді келініне... 
Лейла ұялыңқырап:
— Иә анашым!, — деді ақырын дауыспен.

Немересі:
— Әже, қазір фейсбук деген нәрсе бар, адамдар ресторанда отырғанын, не жегенін суретке түсіріп мындаған адамға көрсетеді!»
— Ойбүүүй... Адамдар не жегенін айта ма?»
— Әрине, әже, әр нәрсенің фотосуреті бар. Қыдырған жерлері, не жегенін, не кигенін, жұбайлары алған гүлдердің үстіне жазылған тілектердің де фотосуреті бар»
— Құлыныыым ау, сен не айтып отырсың? Ақыр заман жақындап қалды ма? Үйлер тыр жалаңыш қалды ма?, — деп көзі жасқа толып, әңгімесін жалғастырды:
—  Біз отағамыздың алдында бірге жүруге ұялатын едік, жесірлер бар, тұрмыс құра алмайтын қыздар бар. Олардың көңілдерін жаралағымыз келмейтін. Отағамыздан бір қадам артта жүретінбіз. 
Қәзір болса көшеде ұрысып тұрады, сүйісіп тұрады, жастар... 
Әрине, ар-ұят болмаған жерде мейірім де қалмайды. Үлкендерімізге құрмет етсек бұл үйіміздің берекеті болар. Үйдің ұяты жабылған перделер болатын. Ал Махабаттың ұяты жасырыну. Көздің ұяты көзде. Дененің ұяты жабық киімдер. Ұялу, ар намыс иманнан келетін нәрселер.

Келіні:
— Дұрыс айтасыз, анашым. Біз ар – намысымызды ұмыттық, — деді.
Немересі қасығын ақырындап қойып:
— Мен әкем келгенде тамақ жеймін, анашым, — деді.

Әжесі айтқан сөздерінің келіні мен немересіне әсер еткенін байқап Құдайға шүкір деді.

Әңгіме әлеуметтік желіден алынды

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 10 ай бұрын

    осы әңгімедегі әкелер сияқты "әке" деген атқа лайық адам барына сенбеймін.Көпке топырақ шашбаймын әрине ,бірақ біздің үйдегі балалрымның әкесі ондайға лайық емес.

    1
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    20/10 02:10 0 151
    2
    «Мұзбалақты» көрдің бе?
    19/10 18:04 0 686
    3
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    19/10 17:44 0 1262
    Қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынған
    19/10 17:29 0 315
    Хабибтің әкесі Макгрегорды Дағыстанға қонаққа шақырды
    19/10 17:20 0 1494

    Таныстырылғандар

    1994 жылы түсірілген ерекше видео табылды
    1994 жылы түсірілген ерекше видео табылды
    1994 жылы түсірілген ерекше видео табылды
    Бейнежазбада жыр додасында өлеңдерін оқыған 25 ақынның бейнесі бар.
    28/09/2018 17:16 0 8527
    Қазақтың ұлттық коды — қара өлеңде
    Қазақтың ұлттық коды — қара өлеңде
    Қазақтың ұлттық коды — қара өлеңде
    Тау да, тас та—Мұқағали!
    03/10/2018 17:23 0 1741
    Есілхан батыр жайындағы «Қаралы көш» кітабының түрік тіліне аударылуы
    Есілхан батыр жайындағы «Қаралы көш» кітабының түрік тіліне аударылуы
    Есілхан батыр жайындағы «Қаралы көш» кітабының түрік тіліне аударылуы
    Жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты кітабы шығыпты деп естігенде, кітапты Түркияға апарған едік.
    09/10/2018 16:25 0 1170
    Шерхан - шер
    Шерхан - шер
    Шерхан - шер
    "Ай мен Айша" басу айтып Қазаққа, Шерхан ағам екінші рет - туған күн!
    10/10/2018 11:45 0 1414
    Шерлі жүрек Шер ағамыз, бақұл бол!
    Шерлі жүрек Шер ағамыз, бақұл бол!
    Шерлі жүрек Шер ағамыз, бақұл бол!
    Өз тұсында кесек мінез, өр аға, Өтті өмірден шерлі жүрек Шер аға! Бір перзентін қойнына аларын біліп, Күңіреніп теңселгендей Жер-Ана!
    10/10/2018 11:51 0 740
    Шерағаңның тақиясы...
    Шерағаңның тақиясы...
    Шерағаңның тақиясы...
    Бір күні Алматыда тұратын бір жақсы інісіне Астанадан арнайы зерлі тақия алып келіпті.
    10/10/2018 12:00 0 3694
    Шер-ағам да өтті-ау, дүниеден...
    Шер-ағам да өтті-ау, дүниеден...
    Шер-ағам да өтті-ау, дүниеден...
    Ай менен Айша , Күн де жылайды бұлт іші... Дүниенің қашан көрініп еді түр-түсі?
    10/10/2018 12:57 0 1366
    Бір кем дүние. Шераға байлық пен кедейлік жайында...
    Бір кем дүние. Шераға байлық пен кедейлік жайында...
    Бір кем дүние. Шераға байлық пен кедейлік жайында...
    Адамның ашқарақ көзi топыраққа ғана тояды.
    10/10/2018 15:40 0 2482
    Бір кем дүние. Шераға қазақ жайында...
    Бір кем дүние. Шераға қазақ жайында...
    Бір кем дүние. Шераға қазақ жайында...
    «Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды» деушi едi. Алла өзi жар болсын!
    10/10/2018 16:01 0 1906
    Кем дүние куәсі...
    Кем дүние куәсі...
    Кем дүние куәсі...
    Сенсіз қазақ шуласып, Қалар ма екен жуасып...
    11/10/2018 00:22 0 1629
    «Шерханға хат»  немесе  Шерхан мен Қызырбектің достығы
    «Шерханға хат» немесе Шерхан мен Қызырбектің достығы
    «Шерханға хат» немесе Шерхан мен Қызырбектің достығы
    Кеңес одағы мен комунистік қытай қарым-қатынастары Мау Зыдұң мен Хрущевтің арасына сызат түскен 1957 жылдың ақырына дейін жалғасты.
    11/10/2018 10:54 0 1761
    Естелік (қазақтың дарабоз ақыны Ғафу Қайырбеков 90 жаста)
    Естелік (қазақтың дарабоз ақыны Ғафу Қайырбеков 90 жаста)
    Естелік (қазақтың дарабоз ақыны Ғафу Қайырбеков 90 жаста)
    Алпыс жылдық мерей тойы өткеннен кейін, 1994-жылдың көктемінде Ғафаң Торғайға, туған жеріне соңғы рет келді.
    11/10/2018 15:47 0 1044
    Әбдірахман Асылбеков аян берген ақырғы кітабында не айтқысы келді?
    Әбдірахман Асылбеков аян берген ақырғы кітабында не айтқысы келді?
    Әбдірахман Асылбеков аян берген ақырғы кітабында не айтқысы келді?
    Бейсенғали Есенәлиевтің айтуынша, марқұм Әбдірахман ақынға Алла Тағала «Құранды өлең қылып жаз» деп аян беріпті.
    19/10/2018 12:32 0 2509
    "Сәби жанды тағы бір адам өтті жалғаннан"
    "Сәби жанды тағы бір адам өтті жалғаннан"
    "Сәби жанды тағы бір адам өтті жалғаннан"
    Ән әдемі болатын... "Аға-аға!" деп жатып оянып кеттім.
    19/10/2018 15:01 0 4849
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    Кеште ақын Мағиза Құнапияқызы мен Қайрат Құлмұхамедтің өлеңдеріне қойылған «Өлең сөздің патшасы» атты поэтикалық сахналанған қойылым көрсетілді.
    20/10/2018 02:10 0 151